«Litree.kz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

 

«Litree.kz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 43, 69, 71-1-баптарына, қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған 2024 жылғы 6 мамырдағы № 2639-EL лицензиясына және «Litree.kz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі С. М. Бегимановтың 2025 жылғы 14 ақпандағы № ЖТ-2025-00507294 өтінішіне сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Litree.kz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сарбұлақ өңірінен «Берекет-1» шаруа қожалығының жетекшісі Медетбаева Жанар Мұхитқызына берілген кадастрлық нөмірі 10-147-050-472 жалпы көлемі - 1000 гектар жер учаскесінің - 0,114 гектар жер учаскесінен және Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жіңішкеқұм ауылдық округі, Жалпыбай өңірінен «Арсен-али» шаруа қожалығының жетекшісі Абилов Мақсат Сагинаевичке берілген кадастрлық нөмірі 10-147-050-999 жалпы көлемі - 1780 гектар жер учаскесінің - 0,002 гектар жер учаскесінен зерттеу бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін 6 (алты) жыл мерзімге берілген күннен бастап 2030 жылдың 6 мамыр айына дейінгі мерзімге жер пайдаланушыдан алып қоймай қауымдық сервитут белгіленсін.
  2. Бүлінген жерлерден топырақтың құнарлы қабатын алу мен одан әрі пайдалану үшін сақтауды, қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған жұмыстары біткен соң қолданыстағы заңнамаға сәйкес жер учаскесін қайта жаңғырту арқылы бастапқы қалпына келтіруді қамтамасыз етсін.
  1. «Арал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бөлім басшысы (Ж. Жұбанов)) осы қаулыдан туындайтын шараларды жүзеге асыру тапсырылсын.
  2. Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

           АУДАН ӘКІМІ                                                                                                          А. ОҢҒАРБАЕВ

 

«Litree.kz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы Арал ауданы әкімдігінің қаулы жобасына

Негіздеме

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 43, 69, 71-1-баптарына, қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған 2024 жылғы 6 мамырдағы № 2639-EL лицензиясына және «Litree.kz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі С.М.Бегимановтың 2025 жылғы 14 ақпандағы № ЖТ-2025-00507294 өтінішіне сәйкес дайындалды.

 

 Бөлім басшысы                                                          Ж. Жұбанов

Дата публикации
11 апреля 2025