2025 жылғы 18 мамырға тағайындалған Арал ауданының Жіңішкеқұм, Аманөткел, Райым, Қосжар ауылдық округтері әкімдерінің сайлауларын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

2025 жылғы 18 мамырға тағайындалған Арал ауданының Жіңішкеқұм, Аманөткел, Райым, Қосжар ауылдық округтері әкімдерінің сайлауларын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

1. Жіңішкеқұм, Аманөткел, Райым, Қосжар ауылдық округтері әкімдерінің (бұдан әрі – әкімдер) сайлауларын тағайындау

 

Тиісті аудандық сайлау комиссиясы

2025 жылғы 9 сәуір                                                                              (113-1-б.1-т. 1), 2) тт.)

 

2. Аудандық сайлау округтерінің тізімін олардың шекараларын және аудандық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсетіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті аудандық сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2025 жылғы 19 сәуірден кешіктірмей

(22-б. 2-т.)

 

3. Тиісті аудандық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті аудандық сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2025 жылғы 19 сәуірден кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау 

 

Тиісті аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2025 жылғы 24 сәуірден кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Арал ауданының әкімдігі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2025  жылғы 24 сәуірден кешіктірмей

(23-б. 5-т.)

 

6. Әкім болуға кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2025 жылғы 10 сәуірде басталады және 2025 жылғы 22 сәуірде сағат 18.00-де аяқталады

(113-3-б.)

 

7. Әкімге болуға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Тиісті аудандық сайлау комиссиясы

(4-б., 113-2-б.)

 

8. Әкімге болуға кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Тиісті аудандық сайлау комиссиясы

Әкім болуға кандидаттың талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т., 31-б.)

 

9. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Тиісті аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

 

10. Кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Тиісті аудандық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті орган жұмыскерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 8-т.,9-т.)

 

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Кандидаттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

 

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 3-т.)

 

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кірістер органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 3-т.)

 

14. Кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Тиісті аудандық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18:00 аяқталады

Тіркеу үшін барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және            2025 жылғы 27 сәуірде сағат 18.00-де аяқталады

(113-5-б.)

 

15. Кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

 

 

 

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аудандық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

(28-б. 6-т.)

 

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

 

18. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-б. 4-т.)

 

19. Сайлау учаскелері бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Арал аудансының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2025 жылғы 27 сәуір

(24-б. 5-т.)

 

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2025 жылғы 2 мамырдан бастап

(26-б. 1-т.)

 

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей

2025  жылғы 8 мамырға дейін

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Тиісті аудандық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын

2025  жылғы 15 мамырдан ерте емес және 17 мамырдан кеш емес

(37-б. 3-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын

Сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, сайлау күні сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 (38-б. 1-т.)

 

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                  

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сағат 20:00-де басталады

 (18-б. 8) т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскелерінің үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-т.)

27. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы аудандық сайлау комиссияларға ұсыну                                               

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  –дереу

(113-8-б. 1-т.)

28. Әкім сайлауларының қорытындыларын белгілеу

 

Тиісті аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2025 жылғы 21 мамырдан кешіктірмей

(113-10-б.)

 

29. Әкім сайлауының қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2025 жылғы 24 мамырдан кешіктірмей

(44-б.)

 

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәлік беру

 

Тиісті аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2025 жылғы 24 мамырдан кешіктірмей

(45-б., 46-б. 3-т. 2) т., 113-11-б. 1-т)

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
09 апреля 2025