2025 жылдың қаңтар айынан бастап айында 20 шетел азаматы тіркелді. Оның 20-да РВП. Барлығыда ТМД мемлекеттерінен келгендер. Тіркелген шетелдіктерді мемлекеттерімен талдар болсақ 20-да Өзбекстан азаматтары. 2025 жылдың қаңтар айында ауданымызға келген шетел азаматтары 12 мекенжай бойынша тіркелді. Алыс шетелдерден келгендер жоқ.
Еңбек мигранттарының арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында төмендегідей жұмыстар атқарылды.
Есепті мерзімде аудан көлемінде шетел азаматтары болуы мүмкін қонақ үйлер, үй жайлар, базарлар, темір жол вокзалы, мекемелер және құрылыс жүріп жатырған обьектілерге және «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» дәлізі бойындағы асханаларда арнайы шолу жүргізіліп, нәтижесінде Өзбекстан Республикасының 2 азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігімен хаттама рәсімделіп, аудандық соттың қаулысымен Ресей Федерациясы азаматшасына 92300/ тоқсан екі мың үш жүз/ теңге айыппұл салынып, салынған айыппұл өндірілді. Өзбекстан Республикасының 1 азматына осы баппен шара көріліп, әкімшілік жолмен шығарылды. /депорт/
Өзбекстан Республикасының 5 азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 3 бөлігімен хаттама толтырылып, ескерту шарасы көрілді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 1 азаматшасына шетелдік жұмыс күшін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз тартқаны үшін ҚР ӘҚтК-нің 519 бабының 1 бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып 184 (жүз сексен төрт мың теңге) айыппұл салынды. Қазақстан Республикасының 4 азаматына қатысты шетел азаматтарын үй-жайларына қабылдап, белгіленген тәртіппен уақытылы тіркеуден өткізуді қамтамасыз етпегені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 518 бабының 1 бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып ескерту шаралары көрілді.
Заңсыз көші-қон арналарын алдын-алу және болдырмау мақсатында аудан көлеміне тіркелген шетелдіктер бөлімнің ЖПҚб учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп мекен-жайлары бойынша тексерілуде. Одан бөлек аудан көлемінде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда.