Арал ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жағдайы туралы (2025 жылдың 3 ай көрсеткіші бойынша)

Арал ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жағдайы туралы

(2025 жылдың 3 ай көрсеткіші бойынша)

Аудан әкімдігі жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясы (құрамында жергілікті өкілді және атқарушы орган басшылары, құқық қорғау органдары басшылары және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері) құрылған. 2024 жылдың желтоқсан айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту барысында жыл көлемінде өсім алған сыбайлас жемқорлық фактілеріне байланысты талдау жүргізіліп, аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамына ұсынылып 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 бұйрығымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» атты төртінші блогы (бұдан әрі– базалық бағыт) бекітілген болатын.

Бұл бағыттағы жұмыстар қазіргі таңда тұрақты және мерзімінде орындалуда.

Осыған сәйкес, ішкі талдаудағы бекітілген кесте бойынша әр айда бекітілген аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдері және кент, ауылдық округ әкімдерінің аппараттары ішкі талдау жұмыстарын жүргізіп, талдамалық анықтамалары облыс әкімі аппаратына жолданып, аудан әкімінің ресми сайтына жарияланып, тұрақты бақылауға алынған.

Бұған қоса, 2025 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы мақалаларды БАҚ-да әлеуметтік желілерде жариялау кестесі бекітіліп дербес бөлімдер мен қала, кент және ауылдық округ аппараттары Арал ауданының «Толқын» газетіне 3 мақала, әлеуметтік желілерге 2 мақала жарияланды.

Облыс көлемінде сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жағдайда аудан көлемінде зерделеніп кемшіліктер болдармау мақсатында аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің басшыларына және қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне ескертпе хаттар тұрақты жолдануда.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, ауданда мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бағытындағы жұмыстар тұрақты жүргізіліп отыр.

Дата публикации
07 апреля 2025