2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалған Аққұм ауылдық округі әкімінің кандидаттарын тіркеу қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалған Аққұм ауылдық округі әкімінің кандидаттарын тіркеу қорытындысы туралы

 ХАБАРЛАМА

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5–бабының 9–тармағына сәйкес Арал аудандық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалған Аққұм ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидат болып тіркелгендігі туралы хабарлайды:

 Аққұм ауылдық округі бойынша:

  1. Нұрқожаев Ғабит Сәбитұлы – 1977 жылы дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары. «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-нің инженер-технологі. Арал қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
  2. Жандаулетов Нұрбек Сәуренұлы – 1979 жылы дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары. Аққұм ауылдық округінің әкімі. Аққұм ауылдық округінде тұрады. «AMANAT» партиясы ұсынған.
  3. Шүкіров Болат Ахметұлы – 1977 жылы дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары. «Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі. Арал қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.

 

Арал аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
03 апреля 2025