2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалған Аккум ауылдық округі әкімі сайлауында әкімдікке «AMANAT» партиясынан ұсынған кандидат Н.С. Жандаулетовтың Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы

Арал аудандық сайлау комиссиясының қаулысы

 

 

2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалған

Аккум ауылдық округі әкімі сайлауында

әкімдікке «AMANAT» партиясынан

ұсынған кандидат Н.С. Жандаулетовтың

Қазақстан Республикасының заңнамасында

оған қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының 113-2 және 113-4-баптарына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 31.03.2025 жылғы №02-10/493 хатына, Арал аудандық сайлау комиссиясының №26 хаттамасы негізінде аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аққұм ауылдық округі әкімі лауазымына кандидат Н.С. Жандаулетовтың құжаттары мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі анықталды.
  2. Арал ауданының Аққұм ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдайтын қолдарды жинау үшін қол қою парақтары қажетті мөлшерде берілсін.
  3. Осы қаулы Арал ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.
  4. Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

        

 

 Арал аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                         Н.Н. Зағатов

 

 Арал аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                        Л.К. Сатекеева

 

 

Арал қаласы

01 сәуір 2025 жыл

№ 26/41

Дата публикации
02 апреля 2025