Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органмен өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша жария талқылау ХАТТАМАСЫ
Арал қаласы 26.03.2025 жыл
Төрағалық етуші: Бөлім басшысы – Б.Махатов
Хатшы: Бөлім әдіскері – М.Бектұрсынов
Қатысқандар: Бөлім және бөлімге қарасты мекеме қызметкерлері
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
Арал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің және бөлімге қарасты мекеменің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесі бойынша жария талқылау.
ТЫҢДАЛДЫ:
Арал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің және бөлімге қарасты мекемеге 2025 жылдың 04-31 наурызы аралығындағы кезеңде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша бөлімнің ғимаратында жария талқылауда тыңдалды.
Жария талқылау барысында күн тәртібіндегі бірінші мәселеге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жасалған талдамалық анықтамада көзделген ұсыныстарды талқылау мен пысықтаулар жүргізілді.
Атап айтқанда «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес, кәсіпорынға жоспарлы ақылы қызмет орындау міндеттелген. Қазіргі таңда жоспарлы ақылы қызметті орындау түрлері тек мәдениет туралы заңның 27 бабының 3 тармағындағы қызметтер мен ғана жүргізіліп келеді. Кәсіпорындардың ақылы қызметтен түсетін табысының негізгі көзі болып табылатын (көрермендер залын, бөлмелерді және музыкалық аппаратураларды, концерттік костюмдерді жалға беру, ақылы концерттер мен би кештері, бейнетаспаға түсіру, жазу студиясы, сценарилер дайындау т.б) қызмет түрлеріне рұқсат етілмеген. Қазіргі таңда клуб кәсіпорындарының жоспарлы ақылы қызмет табу жолы жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерімен ғана орындалып отыруына байланысты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін. Сондықтан жоғарыда аталған қызмет түрлерін Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 27 бабының 3 тармағына кірістіруге байланысты ұсыныс енгізу.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес: аталған заңның 2-тарауында мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау тәртібінде мамандығы бойынша кәсіпорынның бейініне сәйкес келетін қызмет саласында басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы деп көрсетілген. Алайда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрығының (6 тарау,параграф1) 358 бабында қалалық, аудандық маңызы бар мәдени-демалыс ұйымдар, филиалдар үшін мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 3 жылдан кем емес деп көрсетілген. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрықтарын аудандық және ауылдық деңгейдегі кәсіпорын басшылығына конкурс жариялау барысында негізге алынуына байланысты аталған заңдардың тармақтарын сәйкестендіруге ұсыныс енгізу.
Жария талқылауға қатысқандар тарапынан анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне келтірілген ұсыныстар бойынша пікір алмасулар жүргізіліп, әрі қарай жүзеге асыру үшін қолдау тапты. Төрағалық етуші бөлім басшысы барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, жария талқылауды жабық деп қорытындылады.
Жария талқылау қорытындысымен анықтамада көрсетілген ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын белгілеу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкессіздіктерді жою бойынша ұсыныстарды уәкілетті органға жолдау тапсырылды.