2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалған Аралқұм, Бекбауыл ауылдық округтері әкімдерінің кандидаттарын тіркеу қорытындысы туралы
ХАБАРЛАМА
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5–бабының 9–тармағына сәйкес Арал аудандық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалған Аралқұм, Бекбауыл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына кандидат болып тіркелгендігі туралы хабарлайды:
Аралқұм ауылдық округі бойынша:
- Ықыласов Жеңісбек Серікұлы – 1990 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. «Арал спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары. Арал қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
- Әбдіқалықов Жұбатхан Серікұлы – 1994 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Аралқұм ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. Аралқұм ауылдық округінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
- Ізбасаров Әлібек Мырзаханұлы – 1988 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Беларан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. Арал қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
Бекбауыл ауылдық округі бойынша:
- Жасұланов Асылхан Жасұланұлы – 1991 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Арал ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас инспекторы. Арал қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
- Сейтов Әлімжан Сүйеубайұлы – 1969 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы Атқарушы дирекциясының Арал, Қазалы аудандары бойынша өкілі. Арал қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
- Сембеков Елдос Аралбайұлы – 1989 жылы дүниеге келген. Білімі арнаулы орта. Арал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы. Арал қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
Арал аудандық сайлау комиссиясы