АРАЛ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Арал аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 19 наурыздағы № 15 қаулысымен Арал ауданының Аққұм ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалды.
Арал ауданының Аққұм ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 20 наурызда басталады және 2025 жылғы 1 сәуірде сағат 18.00-де аяқталады
Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және 2025 жылғы 6 сәуірде сағат 18.00-де аяқталады.
Арал аудандық сайлау комиссиясының орналасқан орны: 120100, Арал ауданы, Арал қаласы, Қ. Ерімбет көшесі №27, байланыс телефоны: (872433) 2-23-13, е-mail: tic_kzl_arаl@saylau.kz
Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы: төраға - Зағатов Нұрбек Нұртайұлы, төраға орынбасары – Жиеналиев Әділжан Ақәділұлы, хатшы – Сәтекеева Лиза Қасымқызы, комиссия мүшелері: Жанназарова Санира Нұрқожақызы, Баймаханова Айнагул Үдербайқызы, Әзбергенов Әнуар Мырзабекұлы, Ізмағамбетов Байнұр Жомартұлы.
№26 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан орны: Аққұм ауылдық округі, Шижаға ауылы, Шижаға көшесі №381, «Қызылорда облысының білім басқармасының Арал ауданы бойынша білім бөлімінің «№57 Е.Көшербаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, байланыс телефоны: 2-85-25
№26 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: төраға – Абишева Надежда Жумахановна, төраға орынбасары - Махатов Бекнур Советович, хатшы – Төребаев Серік Темірбайұлы, комиссия мүшелері: Улыбекова Улбосын Амангосовна, Аманов Балтабай Жарылкапович, Бақытжанов Кеулімхош Жалғасұлы, Қуанышбайұлы Серік. Аудандық және учаскелік сайлау комиссиясының жұмыс уақыты: 09.00-13.00, 13.00-15.00-түскі үзіліс, 15.00-19.00
Арал аудандық сайлау комиссиясы