«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8–1-тармағына сәйкес және 113–1-бабы 1–тармағының 1) тармақшасы негізінде Арал аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Арал ауданы Аққұм ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалсын.
- Арал ауданы Аққұм ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы аудандық «Толқын» газетіне жариялансын және Арал ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.