Арал аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

Қ А У Л Ы

 

    Арал қаласы                               №АСК-32                         22 қазан 2020 жыл

 

Арал аудандық мәслихат депутаттарының

кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу

жөніндегі негізгі іс-шаралардың

күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» 2020 жылғы 21 қазандағы №29/335 қаулысын, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 22 қазандағы №ОСК-61/129 қаулысын басшылыққа ала отырып, Арал аудандық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

1. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.

2. Арал ауданы әкімі аудандық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерімен бірге мәслихат депутаттарын сайлауды өткізу кезеңінде өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын көздесін.

3. Осы қаулы Арал ауданы әкімдігінің және аудандық маслихаттың интернет- ресурстарына орналастырылсын.

 

Аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                    Т.Дәрменов

 

Аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                   Ш.Бисеналиева

Дата публикации
27 октября 2020