Қарақұм ауылдық округі бойынша 2020 жылғы қазан айында жеке тұрғын үй құрылысы үшін табысталған жер учаскелерінің шешімі

Азамат Жаканов Ганимурат 

Каниевичке жеке тұрғын үй

құрлысы  үшін жер учаскесін

уақытша өтеулі жер пайдалану

(жалдау) құқығына табыстау

туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-ІІ Жер Кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңын, «Арал аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі  № KZ93VBG00709278 бұйрығын басшылыққа ала отырып  Арал аудандық жер комиссиясының хаттамалық шешіміне сәйкес Қарақұм ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Азамат Жаканов Ганимурат Каниевичке жеке тұрғын үй құрлысы үшін Арал ауданы, Қарақұм ауылдық округі, Абай ауылы, Абай көшесі №413 мекен-жайынан жалпы көлемі – 999 ( тоғыз жүз тоқсан тоғыз) шаршы метр жер учаскесі 3 (үш) жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығына табысталсын.

2.Аталған жер учаскесі бөлінетін болып танылсын.

3.Жалға берілген жер учаскесі жыл сайынғы жалгерлік төлем мөлшерінің пайыздық шегі 120% болып белгіленсін.

4.Азамат Жаканов Ганимурат Каниевичке 10 күн мерзім ішінде жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) туралы шартына отыру ұсынылсын.

5.Арал аудандық жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесінен осы шешімнен туындайтын тиісті өзгерістерді жер-есебі құжаттарына енгізу сұралсын.

 

Қарақұм ауылдық округінің әкімі                                                                            М.Бозғұл

 

Дата публикации
26 октября 2020