Арал аудандық сайлау комиссиясының хабары

Арал аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 5 наурыздағы № 6 қаулысымен Арал ауданының Аралқұм ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі осы ауылдық округінің шекарасында сайлау округі құрылды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабы 1-тармағының 1), 2) тармақшасына сәйкес Арал аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 5 наурыздағы № 7 қаулысымен Арал ауданының Аралқұм, Бекбауыл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалды.

Арал ауданының Аралқұм, Бекбауыл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 6 наурызда басталады және 2025 жылғы 18 наурызда сағат 18.00-де аяқталады.

Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және 2025 жылғы 23 наурызда сағат 18.00-де аяқталады.

Арал аудандық сайлау комиссиясының орналасқан орны: 120100, Арал ауданы, Арал қаласы, Қ. Ерімбет көшесі №27, байланыс телефоны: (872433) 2-23-13, е-mail: tic_kzl_arаl@saylau.kz

Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы: төраға - Зағатов Нұрбек Нұртайұлы, төраға орынбасары – Жиеналиев Әділжан Ақәділұлы, хатшы – Сәтекеева Лиза Қасымқызы, комиссия мүшелері: Жанназарова Санира Нұрқожақызы, Баймаханова Айнагул Үдербайқызы, Әзбергенов Әнуар Мырзабекұлы, Ізмағамбетов Байнұр Жомартұлы.

№7 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан орны: Аралқұм ауылдық округі, Шөміш ауылы, Шөміш көшесі №1, «Қызылорда облысының білім басқармасының Арал ауданы бойынша білім бөлімінің «№263 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, байланыс телефоны: 4-02-26

№7 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: төраға – Махамбетұлы Ержан, төраға орынбасары - Садирова Баянкуль Касымхановна, хатшы –Есенжолова Мадина Нагметовна, комиссия мүшелері: Абдраманова Айзия Алматовна, Жүгініс Дархан Арманұлы.

№8 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан орны: Аралқұм ауылдық округі, Аралқұм ауылы, Аралқұм көшесі №228, «Қызылорда облысының білім басқармасының Арал ауданы бойынша білім бөлімінің «№61 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, байланыс телефоны: 4-15-08

№8 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: төраға – Садыков Сакен Буркитович, төраға орынбасары - Кушеров Нурлан Жаксылыкович, хатшы –Тулеуов Арал Муратбаевич, комиссия мүшелері: Абдикалыков Жубатхан Серикович, Искакова Мирамкул Адиловна.

№10 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан орны: Бекбауыл ауылдық округі, Бекбауыл ауылы, Бекбауыл көшесі №175, «Қызылорда облысының білім басқармасының Арал ауданы бойынша білім бөлімінің «№65 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, байланыс телефоны: 4-00-72

№10 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: төраға – Сембиев Алмабек Закирович, төраға орынбасары – Баекешов Кайрат Куттыбаевич,   хатшы – Жумамуратов Нурлыбек Онталапович, комиссия мүшелері: Бижанов Нагашибай Сайланович, Телеуов Асылхан Тулегенович.

№11 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан орны: Бекбауыл ауылдық округі, Үкілісай ауылы, Үкілісай көшесі №44, «Қызылорда облысының білім басқармасының Арал ауданы бойынша білім бөлімінің «№265 негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, байланыс телефоны: 4-05-84

№11 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: төраға – Жусупов Назарбек Аманкосович, төраға орынбасары - Канатбекова Акжунус Айнашовна, хатшы – Әбілов Бексұлтан Алдабергенұлы, комиссия мүшелері: Абдраманов Азимбай Садыкович, Бекеев Сайлаубай Абжамиевич.

№12 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан орны: Бекбауыл ауылдық округі, Құмбазар ауылы, Құмбазар көшесі №81, «Қызылорда облысының білім басқармасының Арал ауданы бойынша білім бөлімінің «№200 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, байланыс телефоны: 4-02-08

№12 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: төраға – Бакитов Хамит Бакитулы, төраға орынбасары – Досмамбетов Толагай Жумамуратович, хатшы – Бахтыбергенов Батырхан Бахтыбергенович, комиссия мүшелері: Калилаев Мухтар Жолкожаевич, Каменова Лиза Алибековна.           

Аудандық және учаскелік сайлау комиссиясының жұмыс уақыты: 09.00-13.00, 13.00-15.00-түскі үзіліс, 15.00-19.00

 

Арал аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
06 марта 2025