Аралқұм, Бекбауыл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Арал аудандық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

Аралқұм, Бекбауыл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8–1-тармағына сәйкес және 113–1-бабы 1–тармағының 1), 2) тармақшасы негізінде Арал аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Арал ауданының Аралқұм, Бекбауыл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалсын.
  2. Арал ауданының Аралқұм, Бекбауыл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы аудандық «Толқын» газетіне жариялансын және Арал ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.

 

Арал аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                Н. Зағатов

 

Арал аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                Л. Сатекеева

 

 

№7

05.03.2025 ж

Дата публикации
05 марта 2025