Аралқұм ауылдық округі әкімінің сайлауы жөнінде аумақтық сайлау округін құру туралы

 Арал аудандық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

Аралқұм ауылдық округі әкімінің сайлауы жөнінде аумақтық сайлау округін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Арал аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Арал ауданы Аралқұм ауылдық округі шекарасында Аралқұм ауылдық округінің әкімін сайлау жөнінде аумақтық сайлау округі құрылсын.
  2. Құрылған аумақтық сайлау округінің шекарасы мен аудандық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, аудандық «Толқын» газетіне жариялансын және Арал ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.

 

 

Арал аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                    Н. Зағатов

 

Арал аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                   Л.Сатекеева

 

 

№ 6

05.03.2025 ж

Дата публикации
05 марта 2025