Әкімдік мәжілісінің хаттамасы

ӘКІМДІК МӘЖІЛІСІНІҢ

ХАТТАМАСЫ

 

 

Аудан әкімдігінің                                                                                6 қараша 2024 жыл

мәжіліс залы                                                                                                        сағат: 16.00

 

 

Мәжіліске төрағалық етті: аудан әкімі А. Оңғарбаев

Қатысушылар: тізім бойынша

 

І. 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-

экономикалық даму көрсеткіштері туралы

(Оңғарбаев, Әбішев)

  1. Аудандық экономика және қаржы бөлімі (Т. Рашев), дербес бөлімдермен бірлесіп, барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша ай сайынғы өсімді қамтамасыз етудің шараларын жүзеге асырсын (мерзімі-тұрақты).
  2. Аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі (Р. Жанаев):

2.1) өңдеу өнеркәсібі саласына толыққанды талдау жұмыстарын жүргізіп, көрсеткіштерді көтеру бағытында қажетті жұмыстарды ұйымдастырсын (мерзімі-тұрақты);

2.2) 2024 жылы жоспарланған инвестициялық жобалардың мерзімінде іске қосылуын және негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінің жоспарға сәйкес орындалуын қамтамасыз етсін (мерзімі-25.12.2024 ж.);

2.3) әлеуметтік маңызы бар және басқа да күнделікті қажетті азық-түлік тауарларының нарық бағасынан төмен бағада сатылуын қамтамасыз етсін (мерзімі-тұрақты, аралық ақпарат ай сайын);

2.4) көкөніс және басқа да әлеуметтік азық-түлікке баға тұрақтандыру шараларын қабылдауды, сондай-ақ, негізсіз баға өсімінің фактілері бойынша заңнамаға сәйкес реттеу шараларын жүргізсін (мерзімі-25.12.2024 ж.);

2.5) сұйытылған газ қорын бақылауда ұстап, газ тапшылығының орын алуын болдырмасын (мерзімі-тұрақты, аралық ақпарат ай сайын);

2.6) жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субьектілерінің санын арттыру жұмыстарын жүргізсін (мерзімі-25.12.2024 ж.).

  1. Аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі
    (Т. Әлжанов)
    , облыстық салалық басқармамен бірлесіп, Арал ауданының туризм саласына салынатын инвестиция көлемінің жоспарына өзгерістер енгізсін (мерзімі-10.12.2024 ж.).
  1. Аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі
    (Ж. Жұбанов):

4.1) кәсіпке ынталы азаматтарды «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысуын қамтамасыз етіп, сүйемелдеу шараларын ұйымдастырсын (мерзімі-25.12.2024 ж.);

4.2) Арал ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқарамасымен (Е. Әбдікеров, к.б.) бірлесіп, 2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында несие алушылар бойынша толыққанды талдау және мониторинг жұмыстарын ұйымдастырып, аудан әкімі аппаратына жазбаша ақпарат енгізсін (мерзімі-20.11.2024 ж.);

4.3) аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімімен (Р. Жанаев) бірлесіп, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында несие алған кәсіпкерлерді бір жерге шоғырландырып, 2025 жылы кем дегенде 5 елді мекеннен шағын өндірістік орталықтың ашылуын қамтамасыз етсін (мерзімі-тұрақты, аралық ақпарат ұсыну мерзімі-22.11.2024 ж.).

5. Аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі (Р. Жанаев), аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі
(Ж. Жұбанов), аудандық Мансап орталығының филиалы (Ж. Алдашев, к.б.), мемлекеттік қолдау шаралары мен жеңілдетілген несиелердің шынайы жобалар мен өміршең кәсіпке бағытталуын қамтамасыз етсін (мерзімі-25.12.2024 ж.).

6. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (Ш. Есжанов):

6.1) «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамына ұсынылған «Арал қаласынан қатты қалдықтарды сұрыптау кешенінің құрылысын салу» жобасының сараптамадан екінші кезеңінен өткізілуін жеделдетсін (мерзімі-28.11.2024 ж.);

6.2) «Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар автомобиль жолын төрт жолақтыға ауыстыру жобасы барысында жол бойында орналасқан Арал ауданына қарасты елді мекен тұрғындары мен шаруа қожалықтарының ұсыныстары ескерілсін (мерзімі-тұрақты, аралық ақпарат ай сайын).

  1. Арал қаласының әкімі Б. Ұзақов, Арал қаласындағы жасыл белдеу аймағын ретке келтіру шараларын қабылдап, күзгі ағаш отырғызу акцияларын ұйымдастырсын (мерзімі-21.11.2024 ж.);
  2. Қала, кент және ауылдық округ әкімдері, елді мекендерді көгалдандыру бағытында қажетті шараларды қабылдасын (мерзімі-тұрақты).
  3. Аудандық көп бейінді орталық ауруханасы (Б. Қуанышбаев, к.б.), денсаулық сақтау саласы бойынша көрсеткіштердің оң динамикасын қалыптастыру шараларын қабылдасын (мерзімі-тұрақты).
  4. Аудандық полиция бөлімі (Н. Әлтай, к.б.), қылмыстардың және жол-көлік оқиғаларының алдын-алу шараларын күшейтсін (мерзімі-тұрақты).
  5. Дербес бөлімдер мен қала, кент және ауылдық округ әкімдері, 2024 қаржы жылының ай сайынғы жоспарланған барлық қаражаттарын 100 пайыз толығымен игерілуін қамтамасыз етсін (мерзімі-25.12.2024 ж.).
  6. Осы тапсырмалардың орындалуын бақылау және үйлестіру аудан әкімінің сала бойынша жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.

ІІ. Қала, кент және ауылдық округ әкімдерінің 9 айдағы көрсеткіштері мен орындаушылық тәртіптің жай-күйі туралы

(Оңғарбаев, Раимбетов)

  1. Қала, кент және ауылдық округ әкімдері:

1.1) аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімімен (Ж. Жұбанов) бірлесіп, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында заңға сәйкес өнім өндіру, құс шаруашылығын дамыту, тоғанда балық өсіру және басқа да қызмет көрсету бағытындағы тың әрі ұтымды жобалардың ұсынылуын қамтамасыз етсін (мерзімі-25.12.2024 жыл, аралық ақпарат ай сайын);

1.2) аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімімен (Р. Жанаев) бірлесіп, кәсіпкерлікті дамыту бағытында жұмыстарды жандандырсын етсін (мерзімі-25.12.2024 жыл, аралық ақпарат ай сайын);

1.3) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен (Ғ. Тоғысова) бірлесіп, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 10 мың тұрғын үшін кемінде 100 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарының толығымен орындалуын үйлестірсін (мерзімі-25.12.2024 жыл, аралық ақпарат ай сайын);

1.4) 2024 жылғы күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын заңға сәйкес жандандырсын (мерзімі-25.12.2024 жыл, аралық ақпарат ай сайын).

  1. Дербес бөлімдер мен қала, кент және ауылдық округ әкімдері:

2.1) облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыс аумағынан тысқары жүрген кәсіпкерлерді Арал ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына тіркету жұмыстарын жеделдетсін (мерзімі- 25.11.2024 жыл, орындалуы жыл соңына дейін);

2.2) «Е-Архив» ақпараттық жүйесінің толымдылығын қамтамасыз ете отырып, құжаттардың мерзімінде енгізілуін үйлестірсін (мерзімі- тұрақты);

2.3) іссапармен немесе басқа да жағдайлар бойынша аудан, қала, кент, ауылдық округ аумағынан тысқары шығу мәселесі аудан әкімімен келісе отырып, салаға жауапты аудан әкімінің орынбасары мен аудан әкімі аппаратының басшысына ескерту арқылы жүзеге асырылатындығы назарға алынсын.

  1. Аудандық экономика және қаржы бөлімі (Т. Рашев), қала, кент және ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп:

3.1) барлық салық түрі бойынша түсімдердің тоқсандық және жылдық жоспардың дұрыс жоспарлануын қамтамасыз етсін (мерзімі-жыл соңына дейін, аралық ақпарат ай сайын);

3.2) салық түсімдерінің заңға сәйкес ай сайын толық орындалуын үйлестірсін (мерзімі-жыл соңына дейін, аралық ақпарат ай сайын);

3.3) бюджет қаражатының толық игерілуін қамтамасыз етсін, дебиторлық және кредиторлық қарыздарды болдырмау мақсатында заңға сәйкес қажетті шараларды атқарсын (мерзімі-жыл соңына дейін, аралық ақпарат ай сайын);

3.4) Арал ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен (Е. Әбдікеров, к.б.) бірлесіп, қала, кент және ауылдық округ әкімі аппараттарының салықшы мамандарын қатыстыра отырып, салық түсімдерінің жоспарлануы мен орындалуына байланысты оқыту семинарларын ұйымдастырсын (мерзімі-25.11.2024 ж.);

3.5) мемлекеттік сатып алу саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және бюджет қаржысының игерілуіне әсер ететін кемшіліктерді болдырмау мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізіп, ауданы әкімі аппаратына ақпарат ұсынсын (мерзімі-жыл соңына дейін, аралық ақпарат ай сайын).

  1. Аудан әкімінің орынбасарлары Е. Әбішев, Н. Бохаев және дербес бөлім басшылары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері:

4.1) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде заң бұзушылықтарды болдырмау шараларын қабылдасын (мерзімі-тұрақты);

4.2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау белгіленген кестеге немесе қажеттілігіне сәйкес жүргізсін (мерзімі-тұрақты);

4.3) электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану кезінде «Электронды құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының талаптарын мүлтіксіз орындап, электронды цифрлық қолтаңбаны қолдану тәртібін қатаң бақылауға алсын (мерзімі-тұрақты);

4.4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы әрі сапалы қаралуын қамтамасыз етсін (мерзімі-тұрақты);

4.5) қызметтік автокөліктерді заңға сәйкес ретсіз пайдаланбауын қамтамасыз етсін (мерзімі-тұрақты).

  1. Ауданы әкімі аппаратының басшысы С. Раимбетов:

5.1) облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес қала, кент және ауылдық округ әкімдері өзі басқаратын әкімшілік-аумақта тұруын күнделікті бақылауға алсын (мерзімі-тұрақты);

5.2) 2024 жылдың 9 айында халықтың әлеуетін арттыру бағытында төменгі көрсеткішке жол бергені үшін Сексеуіл кенті мен Бекбауыл, Жетес би, Райым ауылдық округ әкімдеріне «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза рәсімделсін;

5.3) 2024 жылдың 9 айында төменгі көрсеткішке жол бергені үшін (микрокредиттік ұйымдардан қаржыландыруға ешқандай жобалары қолдау таппағаны және жер салығы бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізбеген) Атанши ауылдық округінің әкіміне «қатаң сөгіс» жариялансын.

  1. Осы тапсырмалардың орындалуын бақылау және үйлестіру аудан әкімінің сала бойынша жетекшілік ететін орынбасарлары Е. Әбішевке, Н. Бохаевқа және аудан әкімі аппаратының басшысы С. Раимбетовке жүктелсін.

 

 

АУДАН ӘКІМІ                                                        А. ОҢҒАРБАЕВ

 

 

Дата публикации
22 января 2025