Әкімдік мәжілісінің хаттамасы

ӘКІМДІК МӘЖІЛІСІНІҢ

ХАТТАМАСЫ

 

Аудан әкімдігінің                                                                                    2 мамыр 2024 жыл

  мәжіліс залы                                                                                                        сағат: 10.00

 

Мәжіліске төрағалық етті: аудан әкімі А. Оңғарбаев

Қатысушылар: тізім бойынша

 

І. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы туралы

(Оңғарбаев, Жанназарова)

 

  1. Арал ауданы бойынша білім бөлімі (С. Жанназарова, келісім бойынша):

1.1) Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысушы оқушылардың дайындығын дамыта отырып, мектеп директорларының дербес жауапкершілігі күшейтілсін (мерзімі - тұрақты);

1.2) шекті баллдан төмен нәтиже жинаған оқушыларға психологиялық көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырсын (мерзімі - тұрақты);

1.3) облыстық білім басқармасымен бағыттаса отырып, Арал қаласындағы Ұлттық тестілеу орталығының жұмысын бұдан әрі жалғастыру жөнінде заңға сәйкес қажетті шараларды атқарсын (мерзімі - тұрақты);

1.4) 2023-2024 оқу жылында мектеп бітіруші түлектердің әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен, жалғызбасты немесе көпбалалы отбасыларға талдау жасап, нәтижесін баяндасын (мерзімі - 06.05.2024 ж.);

1.5) қала, кент, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы кезеңінде мектептен тыс үйірмелермен қамтылуын жүзеге асырсын (мерзімі - тұрақты);

1.6) аудандағы мектеп бітіруші түлектерге онлайн және офлайн конференция сағаттарын өткізу арқылы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жандандырсын («Нұрталап ағаймен бірге...», «Жедел көмек» онлайн конференция сағаттары).

1.7) Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
(Б. Махатов), аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі (міндетін атқарушы Ж. Кенжебаев), жайсыз отбасыларынан шыққан балаларды қосымша білімге, спорттық секцияларға және түрлі үйірмелерге тарту шараларын қабылдасын;

1.8) оқушылардың қауіпсіздігі мен алдағы емтихандарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету үшін Арал ауданы әкімдігіне қарасты дербес бөлім басшылары мен қала, кент және ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен 25 мамырдан бастап онкүндік түнгі рейд шараларын ұйымдастыру бойынша жауаптылардың бөлінісін әзірлеп, бекітуге ұсынсын (мерзімі - 13.05.2024 ж.);

  1. Арал ауданы бойынша білім бөлімі (С. Жанназарова, келісім бойынша), «Арал» көпсалалы колледжі (Н. Әбішев, келісім бойынша), «Арал» индустриалды-техникалық колледжі (Р. Айназаров, келісім бойынша), №2 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты (Г. Есенбаева, келісім бойынша), қала, кент және ауылдық округ әкімдері:

2.1) оқу жылының аяқталуына арналған соңғы қоңырау
іс-шарасы мектеп бітірушілер үшін өткізілетіндігі жөнінде ата-аналар мен оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізсін (мерзімі - ұдайы);

2.2) Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасына сәйкес білім беру ұйымдарының оқушылары мен
9-11 сынып түлектердің салтанатты іс-шаралар, банкеттер, ойын-сауық кештерін ұйымдастыруға және автокөліктермен кортежге шығуға тыйым салынсын (мерзімі - ұдайы).

  1. Арал ауданының полиция бөлімі (Н. Шегебаев, келісім бойынша), қала, кент және ауылдық округ әкімдері:

3.1) Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысушы оқушыларды Арал қаласына тасымалдау кезінде жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы сүйемелдеуші қызметкерлердің болуын қамтамасыз етсін;

3.2) кәмелетке толмаған оқушылардың ата-аналарына балалардың құқық бұзушылық жасағаны үшін заңнамаларда көзделген жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірсін.

  1. Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы (А. Сатекеева, келісім бойынша), аудандық төтенше жағдайлар бөлімі (Д. Шакен, келісім бойынша), жазғы сауықтыру ұйымдарының санитарлық талаптарға сәйкестігін, өрт қауіпсіздігін алдын алу бойынша бақылау жұмыстарын жүргізсін (мерзімі - ұдайы).
  2. Жақсықылыш кентінің әкімі (П. Берсүгіров), Аралқұм ауылдық округінің әкімі (К. Жанназаров), Қарақұм ауылдық округінің әкімі
    (М. Бозғұл), елді мекенге салынуы жоспарланған балалар ойын алаңдарының құрылыс жұмыстары мерзімінде әрі сапалы жүргізілуін қатаң бақылауға алсын (мерзімі - 01.07.2024 ж.).
  3. Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі
    (Т. Ұзақов), Арал ауданы бойынша білім бөлімі (С. Жанназарова, келісім бойынша), Аманөткел ауылдық округінің әкімі (Қ. Әбдіраманов), Ақшатау елді мекеніндегі 50 орындық мектеп құрылысының мерзімінде әрі сапалы жүргізілуін бақылауға алсын (мерзімі - 20.08.2024 ж.);
  4. Осы тапсырмалардың орындалуын бақылау және үйлестіру аудан әкімінің орынбасары К. Бержановқа жүктелсін.

 

 

ІІ. 2024 жылдың І тоқсанында қала, кент және

ауылдық округ әкімдерінің атқарған жұмыстары туралы

(Оңғарбаев, Бохаев)

 

  1. Аудандық экономика және қаржы бөлімі (міндетін атқарушы
    Р. Бисембаев),
    қала, кент және ауылдық округ әкімдері:

1.1) барлық салық түрі бойынша түсімдердің тоқсандық және жылдық жоспардың дұрыс жоспарлануын қамтамасыз етсін (мерзімі – жыл көлемінде);

1.2) салық түсімдерінің заңға сәйкес айма-ай толық орындалуын үйлестірсін (мерзімі - тұрақты);

1.3) бюджет қаражатының толық игерілуін қамтамасыз етсін, дебиторлық және кредиторлық қарыздарды болдырмау мақсатында заңға сәйкес қажетті шараларды атқарсын (мерзімі - тұрақты);

1.4) Арал ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен (міндетін атқарушы А. Ағыбаев, келісім бойынша) бірлесіп, қала, кент және ауылдық округ әкімі аппараттарының салықшы мамандарын қатыстыра отырып, салық түсімдерінің жоспарлануы мен орындалуына байланысты оқыту семинарларын тоқсан сайын ұйымдастырып отыруды тәжірибеге енгізсін;

1.5) мемлекеттік сатып алу саласында заң бұзушылықтардың алдын алу және бюджет қаржысының игерілуіне әсер ететін кемшіліктерді болдырмау мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізіп, тоқсан сайын аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсынсын (мерзімі – тоқсан сайын).

  1. Қала, кент және ауылдық округ әкімдері:

2.1) ауданының қоғамдық даму бөлімімен (М. Марат) бірлесіп, ауылдық округ бойынша атқарылған жұмыстарды аудандық «Толқын» газеті мен әлеуметтік желілер арқылы кеңінен ақпараттандырсын (мерзімі - тұрақты);

2.2) аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімімен (Ж. Жұбанов) бірлесіп, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында заңға сәйкес өнім өндіру, құс шаруашылығын дамыту, тоғанда балық өсіру және қызмет көрсету бағытындағы тың әрі ұтымды жобалардың ұсынылуын қамтамасыз етсін (мерзімі - тұрақты);

2.3) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен (Ғ. Тоғысова) бірлесіп, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 10 мың тұрғын үшін кемінде 100 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарының толығымен орындалуын үйлестірсін (мерзімі - тұрақты);

2.4) аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімімен (Р. Жанаев) бірлесіп, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ұсынылатын жобаларды мемлекеттік бағдарламалар мен түрлі несие серіктестіктері арқылы қаржыландыру мүмкіндіктерін тұрғындарға түсіндірсін (мерзімі - тұрақты);

2.5) 2024 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын заңға сәйкес жандандырсын (мерзімі - тұрақты);

  1. Аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі (Р. Жанаев), жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілердің санын арттыру бағытында заңға сәйкес тиісті шараларды қабылдасын.
  2. Сала басшылары мен қала, кент және ауылдық округ әкімдері:

4.1) облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыс аумағынан тысқары жүрген кәсіпкерлерді Арал ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына тіркету жұмыстарын жандандырсын;

4.2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау белгіленген кестеге немесе қажеттілігіне сәйкес жүргізілуі міндеттелсін.

  1. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (Б. Махатов), «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасындағы 7 бағыт бойынша іс-шаралардың өз деңгейінде өткізілуін қамтамасыз етсін.
  2. Сексеуіл кентінің әкімі (С. Төрешов), Райым ауылдық округінің әкімі (Р. Қарауымбетов), Аманөткел ауылдық округінің әкімі
    (Қ. Әбдіраманов), Құланды ауылдық округінің әкімі (С. Ғабиболатов), Беларан ауылдық округінің әкімі (Т. Есенов), Жетес би ауылдық округінің әкімі (Р. Жолмырзаев), «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасындағы 7 бағыт бойынша іс-шаралардың өткізілуі төменгі деңгейде болуына байланысты Сексеуіл және Қызылжар ауылдық мәдениет үйінің, Аққұлақ, Ақбасты, Райым, Құланды ауылдық клубтарының директорларына тәртіптік жаза рәсімделсін (мерзімі - 06.05.2024 ж.).
  3. Аудандық қоғамдық даму бөлімі (М. Марат):

7.1) сала басшылары мен қала, кент және ауылдық округ әкімі аппараттарының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына мониторинг жұмыстарын жүргізсін (мерзімі - 15.05.2024 ж.);;

7.2) «Табыс тарихы» жобасының іске асырылуын жеделдетсін (мерзімі - 15.05.2024 ж.);

  1. Аудан әкімінің орынбасарлары Е. Әбішев, Б. Жұмағұлов,
    К. Бержанов,
    жетекшілік жасайтын салалары бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде заң бұзушылықтарды болдырмау шараларын қабылдасын.
  2. Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі
    (Т. Ұзақов), мемлекеттік қызметтер көрсетуде кемшіліктерге жол берген мемлекеттік қызметшіге тиісті тәртіптік жазасы қаралсын (мерзімі - 06.05.2024 ж.);
  3. Аудан әкімі аппаратының басшысы Н. Бохаев:

10.1) ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысын өткізсін;

10.2) облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес қала, кент және ауылдық округ әкімдері өзі басқаратын әкімшілік-аумақта тұруын бақылауға алсын;

10.3) функционалдық міндетіне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуде кемшіліктерге жол бергені үшін Арал ауданы әкімі аппаратының цифрлық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімі басшысын атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару мәселесін қарасын (мерзімі - 06.05.2024 ж.);

10.4) 2024 жылдың І тоқсанында халықтың әлеуетін арттыру бағытында атқарған жұмыстарының ең төменгі көрсеткішке қол жеткізгені үшін Қосжар (16 орында), Құланды (18 орында), Райым (20 орында) ауылдық округ әкімдеріне «Ескерту» түріндегі тәртіптік жаза рәсімделсін (мерзімі - 06.05.2024 ж.);

10.5) 2024 жылдың І тоқсанында халықтың әлеуетін арттыру бағытында атқарған жұмыстарының ең төменгі көрсеткішке қол жеткізгені үшін және Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс талаптарын сақтамаған үшін Аманөткел (19 орында) ауылдық округінің әкіміне «Сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қаралсын (мерзімі - 06.05.2024 ж.);

10.6) 2024 жылдың І тоқсанында халықтың әлеуетін арттыру бағытында атқарған жұмыстарының ең төменгі көрсеткішке қол жеткізгені үшін және салық түсімдерін дұрыс жоспарламағаны үшін Қаратерең (салық түсімдері бойынша 22 орында, бағалау бойынша 23 орында), Қосаман (салық түсімдері бойынша 24 орында, бағалау бойынша 22 орында) ауылдық округ әкімдеріне «Қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза көрілсін (мерзімі - 06.05.2024 ж.);

  1. Осы тапсырмалардың орындалуын бақылау және үйлестіру аудан әкімінің орынбасары Е. Әбішевке, Б. Жұмағұловқа,
    К. Бержановқа
    және аудан әкімі аппаратының басшысы Н. Бохаевқа жүктелсін.

 

 

АУДАН ӘКІМІ                                                           А. ОҢҒАРБАЕВ

Дата публикации
22 января 2025