Протокол заседания акимата

ӘКІМДІК МӘЖІЛІСІНІҢ

ХАТТАМАСЫ

 

 

Аудан әкімдігінің                                                                                    23 шілде 2024 жыл

  мәжіліс залы                                                                                                        сағат: 16.00

 

 

Мәжіліске төрағалық етті: аудан әкімі А. Оңғарбаев

Қатысушылар: тізім бойынша

 

І. 2024 жылғы қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-

экономикалық даму көрсеткіштері туралы

(Оңғарбаев, Әбішев)

 

  1. Аудандық экономика және қаржы бөлімі (Т. Рашев), дербес бөлімдермен бірлесіп, барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша ай сайынғы өсімді қамтамасыз етудің шараларын жүзеге асырсын (мерзімі-тұрақты).
  2. Аудандық экономика және қаржы бөлімі (Т. Рашев), аудандық статистика бөлімімен (Е. Қапанов, келісім бойынша) бірлесіп, ай сайын экономикалық көрсеткіштердің орындалуына алдын-ала талдау жасап, аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсынсын (мерзімі-әр айдың 25-не дейін).

3. Аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі (Р. Жанаев):

3.1) әлеуметтік маңызы бар және басқа да күнделікті қажетті азық-түлік тауарларының нарық бағасынан төмен бағада сатылуын қамтамасыз етсін (мерзімі-тұрақты);

3.2) Арал қаласы мен кент, ауылдық округтердегі азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізіп, аудан әкімі аппаратына күнделікті ақпарат ұсынсын (мерзімі-тұрақты);

3.3) көкөніс және басқа да әлеуметтік азық-түлікке баға тұрақтандыру шараларын қабылдауды, сондай-ақ негізсіз баға өсімі фактілері бойынша заңнамаға сәйкес реттеу шараларын жүргізсін (мерзімі-тұрақты);

3.4) сұйытылған мұнай газы қорын тұрақты бақылауда ұстап, газ тапшылығының орын алуын болдырмау бойынша тиісті жұмыстарды жүргізсін (мерзімі-тұрақты);

3.5) жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субьектілерінің санын заңға сәйкес арттыру жұмыстарын жүргізсін.

  1. Аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі (Ж. Жұбанов), қала, кент және ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізу бойынша ұсыныс енгізсін (мерзімі-05.08.2024 ж.).
  2. Аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі (Ж. Жұбанов), аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімімен
    (Р. Жанаев)
    бірлесіп, 2024 жылдың 6 айының қорытындысымен өңдеу өнеркәсібі саласында төмен көрсеткіш көрсеткен өнімдерді (сүт, ет, нан өнімдері) заңға сәйкес арттыру бағытында тиісті шараларды қабылдасын.
  3. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (Ш. Есжанов), Арал қаласының ішкі көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарының заң аясында басталуын жеделдетсін (мерзімі-01.09.2024 ж.).
  4. Арал ауданы бойынша білім бөлімі (м.а. Д. Досов, келісім бойынша), білім беру саласындағы негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемін ұлғайту жұмыстарын жандандырсын.
  5. Аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі
    (Т. Әлжанов), аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімімен
    (Р. Жанаев)
    бірлесіп, туризм саласына инвестиция тарту бағытында жұмыстарды жандандырып, индикаторлық көрсеткіштердің 100 пайызға орындалуын қамтамасыз етсін.

9. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (м.а. Ә. Әзбергенов), аудандық «Мансап» орталығы
(м.а. К. Жаймақова, келісім бойынша), жұмыстан қысқарту, жалақыға қарыздарды болдырмау шараларын қабылдасын.

  1. Аудандық көп бейінді орталық ауруханасы (Б. Қуанышбаев, келісім бойынша), денсаулық сақтау саласы бойынша көрсеткіштердің оң динамикасын қалыптастыру шараларын қабылдасын (мерзімі-тұрақты).
  2. Аудандық полиция бөлімі (м.а. М. Беркімбаев, келісім бойынша), қылмыстардың және жол-көлік оқиғаларының алдын-алу шараларын күшейтсін (мерзімі-тұрақты).
  3. Дербес бөлімдер мен қала, кент және ауылдық округ әкімдері, 2024 қаржы жылының ай сайынғы жоспарланған барлық қаражаттарын 100 пайыз толығымен игерілуін қамтамасыз етсін.
  4. Осы тапсырмалардың орындалуын бақылау және үйлестіру аудан әкімінің сала бойынша жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.

 

 

                     АУДАН ӘКІМІ                                                           А. ОҢҒАРБАЕВ

Дата публикации
22 января 2025