Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың шаралары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 17.09.2024 жылғы №754 қаулысымен бекітіліген Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының аясында 2024 жылы 9 млрд теңге қаржы қарастырылып, 2024 жылдың 10 айында шағын және орта бизнестің 1450 жобасына қаржылай қолдау көрсетілді. Атап айтқанда:
1. Шағын және орта бизнестің несиесі бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға – 7,9 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 5 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 2,9 млрд теңге бөлінді.
2024 жылдың 10 айында шағын және орта бизнестің несие портфелі 29,5 млрд теңгені құрайтын 852 жоба бойынша субсидиялау шарты жасалынды.
2. Шағын және орта бизнестің несиесі бойынша ішінара кепілдендіруге – 1,1 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 840 млн теңге, жергілікті бюджеттен 319 млн теңге бөлінді.
Жыл басынан бері шағын және орта бизнестің несие портфелі 15,2 млрд теңгені құрайтын 582 жоба бойынша кепілдендіру шарты жасалынды.
3. Бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мен «бір ауыл – бір өнім» жобасы жеңімпаздарының 14 жобасына 69,1 млн теңге сомасында табысталды.
4. Инженерлік инфрақұрылым желісін салу үшін 2 кәсіпкерлік нысанға жергілікті бюджеттен 418,9 млн теңге қаржы бөлінді, оның ішінде:
- «РЗА» АҚ «Қазалы ауданында суармалы жер телімі» жобасына аяқ су және электр желісін тарту үшін 169,4 млн теңге;
- «Таң ЛТД» ЖШС «Шиелі ауданында ауылшаруашылығы дәнді-дақылдарын егу» жобасына электр желісін тарту үшін 148,9 млн теңге.

Дата публикации
22 января 2025