Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

 

Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

  

         2024 жылдың 01 желтоқсанда өткен Арал ауданының Сапақ ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындысын анықтау және жариялау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес және 2024 жылғы 01 желтоқсанда  өткізілген Арал ауданының  Сапақ ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижесі туралы № 5, № 6 учаскелік сайлау комиссияларының қоса беріліп отырған хаттамалары негізінде Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Арал ауданының Сапақ ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті деп танылсын.
  2. Жалгасбеков Жангельди Бозжигитович - Арал ауданының Сапақ ауылдық округінің әкімі сайланған болып есептелсін.
  3. 2024 жылғы 01 желтоқсанда өткізілген Арал ауданының Сапақ ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы туралы хабар осы қаулының қосымшасына сәйкес Арал ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын және аудандық «Толқын» газетінде жариялансын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төраға                                                                             Н. Зағатов

 

Хатшы                                                                        Л. Сатекеева

 

 

 

 

Арал қаласы

01 желтоқсан 2024 жыл

№114/62

Арал  ауданының аумақтық сайлау

комиссиясының 2024 жылғы 01 желтоқсандағы

№ 114/62 қаулысымен бекітілген

 

2024 жылғы 01 желтоқсанда өткізілген Арал ауданының Сапақ ауылдық округі әкімін сайлау қорытындысы туралы

ХАБАР

 

2024 жылғы 01 желтоқсанда Арал ауданының  Сапақ ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Арал ауданының Сапақ ауылдық округтерінің № 5, № 6 учаскелік сайлау комиссияларының дауыстарды санаудың нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Арал ауданының Сапақ ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті деп танылғанын хабарлайды.

Арал ауданының Сапақ ауылдық округі әкіміне 3 кандидат дауысқа түсті. Сапақ ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 472 азамат енгізілген, оның ішінде сайлау бюллетеньдерін 413 адам немесе                             87,5 пайызын алды. Дауыс беруге 407 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша сайлаушылар дауыс берген жоқ, дауыс беру үй-жайынан тыс жерде 80 сайлаушы дауыс берді. 6 бюллетень жарамсыз деп танылды.

Сапақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша мынадай қорытындылары анықталды:

Бисембаев Рахметжан Темирович үшін дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санынан – 26 дауыс, Ердіқалықов Заманбек Маратұлы үшін – 24 дауыс, Жалгасбеков Жангельди Бозжигитович үшін – 354 дауыс,  барлығына қарсы – 3 дауыс берілді.   

Жалгасбеков Жангельди Бозжигитович – Арал ауданының Сапақ ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелінді.

Жалгасбеков Жангельди Бозжигитович – 1965 жылы туған, қазақ, «Сапақ ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің әкімі, Арал ауданында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» партиясымен ұсынылған.

 

Дата публикации
01 декабря 2024