«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5–бабының 9–тармағына сәйкес Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 1 желтоқсанға тағайындалған Сапақ ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидат болып тіркелгендігі туралы хабарлайды:
- Бисембаев Рахметжан Темірұлы - 1987 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. «Арал ауданының экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары. Арал қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
- Ердіқалықов Заманбек Маратұлы - 1994 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. «Арал аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Арал қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
- Жалғасбеков Жангелді Бозжігітұлы - 1965 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Сапақ ауылдық округінің әкімі. Сапақ ауылдық округінде тұрады. «AMANAT» партиясы ұсынған.
Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы