2024 жылғы 1 желтоқсанға тағайындалған Сапақ ауылдық округі әкімі сайлауында әкімдікке өзін-өзі ұсынған кандидат Р.Т. Бисембаевтың Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының 113-2 және 113-4-баптарына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 05.11.2024 жылғы №02-10/1823 хатына, Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының №52 хаттамасы негізінде аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1.Сапақ ауылдық округі әкімі лауазымына кандидат Р.Т. Бисембаевтың құжаттары мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі анықталды.

  1. Арал ауданының Сапақ ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдайтын қолдарды жинау үшін қол қою парақтары қажетті мөлшерде берілсін.
  2. Осы қаулы Арал ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.
  3. Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

        

 

 Арал ауданының  аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                     Н.Н. Зағатов

 

 Арал ауданының  аумақтық

 сайлау комиссиясының хатшысы                                   Л.К. Сатекеева

 

Арал қаласы

6 қараша 2024 жыл

№ 95/52

Дата публикации
06 ноября 2024