Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

хабарламасы

 

         Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 23 қазандағы № 91 қаулысымен Арал ауданының Сапақ ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі осы ауылдық округінің шекарасында сайлау округі құрылды.

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы   23 қазандағы № 92 қаулысымен Арал ауданының Сапақ ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 1 желтоқсанға тағайындалды.

Арал ауданының Сапақ ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары бекітілді.

Кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 24 қазанда басталады және 2024 жылғы 5 қарашада сағат 18.00-де аяқталады.

Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және 2024 жылғы 10 қарашада сағат 18.00-де аяқталады.

Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: 120100, Арал ауданы, Арал қаласы, Қ. Ерімбет көшесі №27, байланыс телефоны: (872433) 2-23-13, е-mail: tic_kzl_arl@saylau.kz

        

Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы:

 

Зағатов Нұрбек Нұртайұлы

комиссия төрағасы

Жиеналиев Әділжан Ақәділұлы

төрағаның орынбасары

Сатекеева Лиза Қасымқызы

комиссия хатшысы

Жанназарова Санира Нұрқожақызы

комиссия мүшесі

Баймаханова Айнагул Үдербайқызы

комиссия мүшесі

Әзбергенов Әнуар Мырзабекұлы

комиссия мүшесі

Ізмағамбетов Байнұр Жомартұлы

комиссия мүшесі

Дата публикации
23 октября 2024