2024 жылғы 1 желтоқсанға тағайындалған Арал ауданының Сапақ ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Арал ауданының аумақтық сайлау

комиссиясының 2024 жылғы 23 қазандағы

№ 92 қаулысымен бекітілген

 

2024 жылғы 1 желтоқсанға тағайындалған Арал ауданының Сапақ ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

1. Аумақтық сайлау округін құру туралы қаулы қабылдау

 

Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

2024 жылғы 23 қазан

(14-б. 6) т., 21-б. 4-т.)

2. Арал ауданының Сапақ ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) сайлауын тағайындау

 

Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

2024 жылғы 23 қазан

(113-1-б.1-т. 1) т.)

 

3. Сайлау округі туралы ақпаратты оның шекарасын және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2024 жылғы 2 қарашадан кешіктірмей

(22-б. 2-т.)

 

4. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2024 жылғы 2 қарашадан кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

 

5. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау 

 

Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2024 жылғы 7 қарашадан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

 

6. Сайлау учаскелерінің шекарасы туралы мәліметті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Арал ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он  бес күннен кешіктірмей

2024 жылғы 7 қарашадан кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

 

7. Әкімге кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен саған он сегізде аяқталады

2024 жылғы 24 қазанда басталады және 2024 жылғы 5 қарашада сағат 18.00-де аяқталады

(113-3-б.)

 

 

 

8. Әкімге кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

(4-б., 113-2-б.)

 

9. Әкімге кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Әкім болуға кандидаттың талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т., 31-б.)

 

10. Әкім болуға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

 

11. Кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті орган жұмыскерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 8-т., 9-т.)

 

12. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Кандидаттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

 

13. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 3-т.)

 

14. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кірістер органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 3-т.)

 

15. Кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18:00 аяқталады

2024 жылғы 10 қарашада жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады

(113-5-б.)

 

 

16. Кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

 

17. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

(28-б. 6-т.)

 

18. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

 

19. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттармен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-б. 4-т.)

 

20. Сайлау учаскелері бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Арал ауданының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2024 жылғы 10 қараша

(24-б. 5-т.)

 

21. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2024 жылғы 15 қараша

(26-б. 1-т.)

 

22. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей

2024 жылғы 21 қарашадан кешіктірмей

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу

 

Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын

2024 жылғы 28 қарашадан ерте емес және 30 қарашадан кеш емес

(37-б. 3-т.)

 

24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын

Жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

 

(40-б. 1-т.)

 

 

 

25. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 (38-б. 1-т.)

26. Дауыстарды санау және сайлау учаскелерінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                  

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

 (18-б. 8) т., 43-б.)

27. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскелерінің үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-т.)

28. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну                                               

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(113-8-б. 1-т.)

29. Әкім сайлауының қорытындысын белгілеу

 

Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2024 жылғы 4 желтоқсаннан кешіктірмей

(113-10-б.)

 

30. Әкім сайлауының қорытындысы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2024 жылғы 7 желтоқсаннан кешіктірмей

(44-б.)

 

31. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру

 

Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2024 жылғы 7 желтоқсаннан кешіктірмей

(45-б., 46-б. 3-т. 2) т., 113-11-б. 1-т)

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
23 октября 2024