Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаев үстіміздегі жылдың 2 қыркүйегінде «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Соған сәйкес, Президент Жолдауын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі медиа-жоспар және Жолдауды халық арасында насихаттау бағытында арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді.
Жолдау жарияланғаннан бері БАҚ өкілдері, ҮЕҰ өкілдері мен аудан жастары арасында Жолдауды түсіндіру мақсатында ауданға қарасты барлық қала, кент, ауылдық округтерде халықпен кездесулер ұйымдастырылды.
Президент Жолдауын көрнекі үгіт-насихат құралдары арқылы ақпараттандыру мақсатында аудан бойынша билборд орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Президент Жолдауын ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары бойынша Жолдау жарияланғалы әлеуметтік желідегі парақшаларда, аудандық «Толқын» және «Арал әлемі» газеттерінде Жолдаудың толық мәтіні, қоғамдық пікір жетекшілерінің пікірлері мен сұхбаттары жарияланып, бүгінгі күнге дейін жыл басынан бері барлығы 8 мақала жарық көрді. Мұнымен бірге әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда күнделікті ақпарат жариялануда.