Арал ауданының аумақтық референдум комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

Арал ауданының аумақтық референдум комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

  

2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумда дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін дауыс беру учаскесі туралы 

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-, 29-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабының 3-тармағына сәйкес учаскелік референдум комиссияларының ұсынымдары негізінде Арал ауданының аумақтық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Егер тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін учаске ретінде Арал қаласы, Сырым батыр, №1 мекенжайы бойынша Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Арал аудандық көп бейінді орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында орналасқан №382 дауыс беру учаскесі белгіленсін.
  2. Бұл учаскеде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін басталсын.
  3. Осы қаулы Қызылорда облыстық референдум комиссиясына, Арал қаласының №382 дауыс беру учаскесінің учаскелік референдум комиссиясына жіберілсін және Арал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.
  4. Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Арал ауданының аумақтық

     сайлау комиссиясының төрағасы                                            Н.Н. Зағатов

 

 

Арал ауданының аумақтық

    сайлау комиссиясының хатшысы                                         Л.К. Сатекеева

 

 

  

 

 

 

Арал қаласы

2024 жылғы 19 қыркүйек

№ 84

Дата публикации
24 сентября 2024