Сообщение об итогах выборов акимов Богенского, Косаманского и Саздинского сельских округов Аральского района, проведенных 15 сентября 2024 года

Арал  ауданының аумақтық сайлау

комиссиясының 2024 жылғы 15 қыркүйектегі

№ 80/50 қаулысымен бекітілген

 

2024 жылғы 15 қыркүйекте өткізілген Арал ауданының Бөген, Қосаман және Сазды ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындысы туралы

ХАБАР

 

2024 жылғы 15 қыркүйекте Арал ауданының Бөген, Қосаман және Сазды ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өткізілді.

Арал ауданының Бөген, Қосаман және Сазды ауылдық округтерінің № 17, № 18, № 27, № 32, № 33 учаскелік сайлау комиссияларының дауыстарды санаудың нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Арал ауданының Бөген, Қосаман және Сазды ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті деп танылғанын хабарлайды.

  1. Арал ауданының Бөген ауылдық округі әкіміне 4 кандидат сайлауға қатысты. Бөген ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 990 азамат енгізілген, оның ішінде сайлау бюллетеньдерін 649 адам немесе 64,9 пайызын алды. Дауыс беруге 649 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша сайлаушылар дауыс берген жоқ, дауыс беру үй-жайынан тыс жерде 27 сайлаушы дауыс берді. 10 бюллетень жарамсыз деп танылды.
  2. Арал ауданының Қосаман ауылдық округі әкіміне 3 кандидат сайлауға қатысты. Қосаман ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 409 азамат енгізілген, оның ішінде сайлау бюллетеньдерін 330  адам немесе 79,9 пайызын алды. Дауыс беруге 330  адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша сайлаушылар дауыс берген жоқ, дауыс беру               үй-жайынан тыс жерде 19 сайлаушы дауыс берді. 2 бюллетень жарамсыз деп танылды.
  3. Арал ауданының Сазды ауылдық округі әкіміне 4 кандидат сайлауға қатысты. Сазды ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 300 азамат енгізілген, оның ішінде сайлау бюллетеньдерін 215 адам немесе 71,7 пайызын алды. Дауыс беруге 215 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша сайлаушылар дауыс берген жоқ, дауыс беру үй-жайынан тыс жерде 5 сайлаушы дауыс берді. 19  бюллетень жарамсыз деп танылды.

Бөген, Қосаман және Сазды ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы мынадай қорытындылары анықталды:

Бөген ауылдық округі бойынша:

Әлішев Айбек Аралбайұлы үшін дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санынан – 420 дауыс, Қуатов Жандос Үргенішбайұлы үшін – 11  дауыс, Нақылов Ержан Нақылұлы үшін – 1 дауыс, Үргенішбаев Бақытжан Қонысбайұлы үшін  –  205 дауыс,  барлығына қарсы – 2 дауыс берілді.   

Әлішев Айбек Аралбайұлы  – Арал ауданының Бөген ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелінді.

Әлішев Айбек Аралбайұлы – 1990 жылы туған, қазақ, «Бөген ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің бас маманы, Арал ауданында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Қосаман ауылдық округі бойынша:

Ықыласов Жеңісбек Серікұлы үшін дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санынан – 21 дауыс, Кеншімбаев Анарбек Жолдасұлы үшін – 286  дауыс, Сембеков Елдос Аралбайұлы  үшін  – 21 дауыс, барлығына қарсы дауыс жоқ.  

Кеншімбаев Анарбек Жолдасұлы – Арал ауданының Қосаман ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелінді.

Кеншімбаев Анарбек Жолдасұлы – 1963 жылы туған, қазақ, «Қосаман  ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің  статистигі,  Арал ауданында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Сазды ауылдық округі бойынша:

Есеев Ақтілек Алтынбекұлы үшін дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санынан – 3 дауыс, Қоңырбаев Айдос Қоңырбайұлы үшін – 121  дауыс, Сүлейменов Сәкен Байтақұлы үшін –  62 дауыс,  Шүкіров Болат Ахметұлы үшін – 2 дауыс, барлығына қарсы – 8 дауыс берілді.  

Қоңырбаев Айдос Қоңырбайұлы – Арал  ауданының  Сазды ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелінді.

Қоңырбаев Айдос Қоңырбайұлы  – 1996  жылы туған, қазақ, «Сазды  ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің  бас маманы, Арал ауданында  тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

2024 жылғы 15 қыркүйекте өткізілген Арал ауданының Бөген, Қосаман және Сазды ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындысы туралы ХАБАР
Дата публикации
16 сентября 2024