«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес және 2024 жылғы 15 қыркүйекте өткізілген Арал ауданының Бөген, Қосаман және Сазды ауылдық округтері әкімдерін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижесі туралы № 17, № 18, № 27, № 32, № 33 учаскелік сайлау комиссияларының қоса беріліп отырған хаттамалары негізінде Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2.1) Әлішев Айбек Аралбайұлы - Арал ауданының Бөген ауылдық округінің әкімі;
2.2) Кеншимбаев Анарбек Жолдасович - Арал ауданының Қосаман ауылдық округінің әкімі;
2.3) Қоңырбаев Айдос Қоңырбайұлы - Арал ауданының Сазды ауылдық округінің әкімі.
Арал ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Н. Зағатов
Арал ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Л. Сатекеева
Арал қаласы
2024 жыл
15 қыркүйек
№ 80/50
Арал ауданының аумақтық сайлау
комиссиясының 2024 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 80/50 қаулысымен бекітілген
2024 жылғы 15 қыркүйекте өткізілген Арал ауданының Бөген, Қосаман және Сазды ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындысы туралы
ХАБАР
2024 жылғы 15 қыркүйекте Арал ауданының Бөген, Қосаман және Сазды ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өткізілді.
Арал ауданының Бөген, Қосаман және Сазды ауылдық округтерінің № 17, № 18, № 27, № 32, № 33 учаскелік сайлау комиссияларының дауыстарды санаудың нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Арал ауданының Бөген, Қосаман және Сазды ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті деп танылғанын хабарлайды.
Бөген, Қосаман және Сазды ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы мынадай қорытындылары анықталды:
Бөген ауылдық округі бойынша:
Әлішев Айбек Аралбайұлы үшін дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санынан – 420 дауыс, Қуатов Жандос Үргенішбайұлы үшін – 11 дауыс, Нақылов Ержан Нақылұлы үшін – 1 дауыс, Үргенішбаев Бақытжан Қонысбайұлы үшін – 205 дауыс, барлығына қарсы – 2 дауыс берілді.
Әлішев Айбек Аралбайұлы – Арал ауданының Бөген ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелінді.
Әлішев Айбек Аралбайұлы – 1990 жылы туған, қазақ, «Бөген ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің бас маманы, Арал ауданында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Қосаман ауылдық округі бойынша:
Ықыласов Жеңісбек Серікұлы үшін дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санынан – 21 дауыс, Кеншімбаев Анарбек Жолдасұлы үшін – 286 дауыс, Сембеков Елдос Аралбайұлы үшін – 21 дауыс, барлығына қарсы дауыс жоқ.
Кеншімбаев Анарбек Жолдасұлы – Арал ауданының Қосаман ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелінді.
Кеншімбаев Анарбек Жолдасұлы – 1963 жылы туған, қазақ, «Қосаман ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің статистигі, Арал ауданында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Сазды ауылдық округі бойынша:
Есеев Ақтілек Алтынбекұлы үшін дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санынан – 3 дауыс, Қоңырбаев Айдос Қоңырбайұлы үшін – 121 дауыс, Сүлейменов Сәкен Байтақұлы үшін – 62 дауыс, Шүкіров Болат Ахметұлы үшін – 2 дауыс, барлығына қарсы – 8 дауыс берілді.
Қоңырбаев Айдос Қоңырбайұлы – Арал ауданының Сазды ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелінді.
Қоңырбаев Айдос Қоңырбайұлы – 1996 жылы туған, қазақ, «Сазды ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің бас маманы, Арал ауданында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.