«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5 – бабының 9 –тармағына сәйкес Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды. Айдос Қоңырбайұлы Қоңырбаев Сазды ауылдық округінің әкімі болуға кандидат ретінде тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5 – бабының

9 –тармағына сәйкес Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды

 

2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Бөген, Сазды және Қосаман ауылдық округі әкімдерінің сайлауына кандидат болып тіркелді:

 

  1. Бөген ауылдық округі бойынша:
  2. Әлішев Айбек Аралбайұлы – 1990 жылы 24 қыркүйекте Арал ауданында дүниеге келген. Білімі кәсіптік орта. Өзін – өзі ұсынған.
  3. Үргенішбаев Бахытжан Қонысбайұлы – 1967 жылы 16 қарашада Арал ауданында дүниеге келген. Білімі кәсіптік орта. Өзін – өзі ұсынған.
  4. Қуатов Жандос Үргенішбайұлы - 1982 жылы 17 қыркүйекте Арал ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Өзін – өзі ұсынған.
  5. Нақылов Ержан Нақылұлы - 1988 жылы 22 қазанда Арал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Өзін – өзі ұсынған.
  6. Қосаман ауылдық округі бойынша:
  7. Ықыласов Жеңісбек Серікұлы - 1990 жылы 10 мамырда Арал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Өзін – өзі ұсынған.
  8. Сембеков Елдос Аралбайұлы - 1989 жылы 28 қыркүйекте Арал қаласында дүниеге келген. Білімі кәсіптік орта. Өзін – өзі ұсынған.
  9. Кеншімбаев Анарбек Жолдасұлы - 1963 жылы 01 наурызда Арал ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Өзін – өзі ұсынған.
  10. Қосаман ауылдық округі бойынша:
  11. Есеев Ақтілек Алтынбекұлы - 1990 жылы 13 маусымда Арал ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Өзін – өзі ұсынған.
  12. Шүкіров Болат Ахметұлы - 1977 жылы 03 желтоқсанда Арал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Өзін – өзі ұсынған.
  13. Қоңырбаев Айдос Қоңырбайұлы - 1996 жылы 01 тамызда Арал ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Өзін – өзі ұсынған.
  14. Сүлейменов Сәкен Байтақұлы - 1981 жылы 02 тамызда Арал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Өзін – өзі ұсынған.

 

 

Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

Айдос Қоңырбайұлы Қоңырбаев

Сазды ауылдық округінің әкімі

болуға кандидат ретінде тіркеу туралы 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасы мен 113-5-бабының 1, 6, 8, 9, 10 тармақтарына сәйкес Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

  1. Айдос Қоңырбайұлы Қоңырбаевты Сазды ауылдық округінің әкімі болуға кандидат ретінде тіркелсін. 
  2. Сазды ауылдық округінің әкімі болуға кандидат Айдос Қоңырбайұлы Қоңырбаевты тіркеу туралы хаттама жасалсын және тиісті куәлік берілсін.  
  3. Тіркеу туралы хабарлама Арал ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде және жергілікті бұқаралық ақпарат құралында жариялансын.

 

           Арал ауданының аумақтық

           сайлау комиссиясының  төрағасы                          Н. Зағатов

 

          Арал ауданының аумақтық

          сайлау комиссиясының  хатшысы                          Л. Сатекеева

 

Арал қаласы

№71/47

24.08.2024 жыл

Дата публикации
25 августа 2024