Жандос Ургенишбаевич Куатовты Бөген ауылдық округінің әкімі болуға кандидат ретінде тіркеу туралы

Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

Жандос Ургенишбаевич Куатовты

Бөген ауылдық округінің әкімі

болуға кандидат ретінде тіркеу туралы 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасы мен 113-5-бабының 1, 6, 8, 9, 10 тармақтарына сәйкес Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

  1. Жандос Ургенишбаевич Куатов Бөген ауылдық округінің әкімі болуға кандидат ретінде тіркелсін. 
  2. Бөген ауылдық округінің әкімі болуға кандидат Жандос Ургенишбаевич Куатовты тіркеу туралы хаттама жасалсын және тиісті куәлік берілсін.  
  3. Тіркеу туралы хабарлама Арал ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде және жергілікті бұқаралық ақпарат құралында жариялансын.

 

           Арал ауданының аумақтық

           сайлау комиссиясының  төрағасы                          Н. Зағатов

 

          Арал ауданының аумақтық

          сайлау комиссиясының  хатшысы                          Л. Сатекеева

 

Арал қаласы

№63/39

 24.08.2024 жыл

Дата публикации
25 августа 2024