Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Арал ауданының Бөген, Қосаман және Сазды ауылдық округтері әкімдерін сайлауда кандидатты қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтары туралы

                                                                              

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1-тармақшасына, 113-4 бабына сәйкес және Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 07 тамыздағы №14 «Арал ауданының Бөген, Қосаман және Сазды ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысын негізге алып, Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Арал ауданының Бөген ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны осы ауылдық округ сайлаушыларының жалпы санынан кемінде бір пайыз, кемінде 10 (он) қол санында белгіленсін.
  2. Арал ауданының Қосаман ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны осы ауылдық округ сайлаушыларының жалпы санынан кемінде бір пайыз, кемінде 5 (бес) қол санында белгіленсін.
  3. Арал ауданының Сазды ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны осы ауылдық округ сайлаушыларының жалпы санынан кемінде бір пайыз, кемінде 3 (үш) қол санында белгіленсін.
  4. Өзін-өзі ұсынған кандидаттар әзірленген қол қою парақтарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілсін.
  5. Осы қаулы Арал ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

Арал ауданының аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                           Н.Зағатов

 

Арал аудандық сайлау

комиссиясының  хатшысы                                        Л.Сатекеева

 

 

Арал қаласы

21 тамыз  2024 жыл

№ 31/25-1

Дата публикации
23 августа 2024