Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
хабарламасы
Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 07 тамыздағы №13 қаулысымен Арал ауданының Сазды және Қосаман ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау жөніндегі осы ауылдық округтердің шекарасында Сазды және Қосаман сайлау округтері құрылды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшасына сәйкес Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 07 тамыздағы №14 қаулысымен Арал ауданының Бөген, Қосаман және Сазды ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалды.
Арал ауданының Бөген, Қосаман және Сазды ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.
Кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 08 тамызда басталады және 2024 жылғы 20 тамызда, сағат 18.00-де аяқталады.
Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және 2024 жылғы 25 тамызда, сағат 18.00-де аяқталады.
Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: 120100, Арал ауданы, Арал қаласы, Қ. Ерімбет көшесі №27, байланыс телефоны: (872433) 2-23-13, е-mail: tic_kzl_arl@saylau.kz
Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы:
|
Зағатов Нұрбек Нұртайұлы |
комиссия төрағасы |
|
Жиеналиев Әділжан Ақәділұлы |
төрағаның орынбасары |
|
Сатекеева Лиза Қасымқызы |
комиссия хатшысы |
|
Жанназарова Санира Нұрқожақызы |
комиссия мүшесі |
|
Баймаханова Айнагул Үдербайқызы |
комиссия мүшесі |
|
Әзбергенов Әнуар Мырзабекұлы |
комиссия мүшесі |
|
Ізмағамбетов Байнұр Жомартұлы |
комиссия мүшесі |