Бөген, Қосаман, Сазды ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 Бөген, Қосаман, Сазды ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8–1-тармағына сәйкес және 113–1-бабы 1–тармағының 1) және 3) тармақшаларының негізінде Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бөген, Қосаман, Сазды ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалсын.
  2. Бөген, Қосаман, Сазды ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Арал ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын және аудандық «Толқын» газетінде жариялансын.

 

Арал ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                                                          Н.Н. Зағатов

 

Арал ауданының аудандық сайлау

комиссиясы төрағасының орынбасары                                                            Ә. Жиеналиев

Дата публикации
07 августа 2024