Арал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2024 жылдың қаңтар айына атқарған жұмыстары туралы МӘЛІМЕТ

Арал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2024 жылдың қаңтар айына атқарған жұмыстары туралы МӘЛІМЕТ

                          Халықты жұмыспен қамту бойынша:

2024 жылдың 1 ақпанына Мансап орталығына жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандар саны 1480 адам. 

Жыл басынан қоғамдық жұмыстарға 172 адам тартылды.                                           

Жыл басынан хабарласқан мүгедектігі бар адамдар саны 28. Олардан тұрақты жұмысқа орналасқандары 2 адам, қоғамдық жұмысқа жіберілгені 4. Есепті кезеңнің аяғына жұмыссыздар саны 26 адам.

Жыл басынан 1-рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді.
5 мекемеден 14 бос жұмыс орындары ұсынылды. Өткізілген жәрмеңкеге барлығы 82 адам қатысты. Оның ішінде 12 адам тұрақты жұмысқа, 1 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды. Сонымен қатар 97 адамға ҚР «Еңбек  кодексіне», ҚР «Әлеуметтік кодексіне» сәйкес және Ұлттық бағдарлама бағыттары бойынша консультациялар берілді.

Жазасын өтеп келгендерге жататын жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде ҚАИ есебіндегі 4 адам тіркеліп, 3 адам тұрақты, 1 адам қоғамдық жұмысқа жолданды.

Жергілікті атқарушы орган арқылы «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту мемлекеттік көрсетілетін қызметі» бойынша 8 адамға рұхсат берілді, 3-не ұзарту қызметі көрсетіліп, барлығы 11 мемлекеттік қызмет көрсетілді.  

2024 жылдың қаңтар айына тіркелген жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрады. Жалпы жұмыссыздық деңгейі аудан бойынша 5,0 пайыз.

  Әлеуметтік  төлемдер бойынша:

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке ағымдағы жылға 144 159,0 мың теңге қаржы қаралды.

2024 жылдың 1 айында 92 отбасына (541 отбасы мүшелеріне) 4976,8 мың теңге тағайындалды.

Тұрғын үй көмегі 2024 жылға аз қамтамасыз етілген отбасыларға 11338,0 мың теңге қаржы қаралды.

2024 жылдың 1 айында 48 отбасындағы 109 адамға 1455,0 мың теңге тағайындалды.

Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмектер

Аудан бойынша мамандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің  сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға төленетін әлеуметтік көмекке 2024 жылға 21569,0 мың теңге қаралып, 1 айда 48 адамға 1772,2 мың теңге тағайындалды. (1 адамға 10*3692=36920 теңге)

Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гемотологиялық аурулармен ауырған диспансерлік есепте тұрған балаларға әлеуметтік көмек көрсетуге 2023 жылға облыстық бюджеттен 2357,0 мың теңге қаралып, 1 айда 8 балаға 224,5 мың теңге тағайындалды. (1 балаға 7,6*3692=28059 теңге)

Мүгедектігі бар адамдардың оңалту бағдарламасы бойынша

2024 жылдың 1 айында 277 жүріп-тұруы қиын І топ мүгедектігі бар адамдарға - 277 жеке көмекшілер қызмет жасады, жеке көмекшілердің қызметіне бюджеттен 267175,0 мың теңге қаралып, 30885,5 мың теңгесі төленді. 29 тіл-құлақ кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарға - 6 ымдау тілі маманы қызмет көрсетті, ымдау тілі мамандарына 12872,0 мың теңге қаралып, 1131,9 мың теңгесі төленді.

Мүгедектігі бар адамдардың оңалту бағдарламасы бойынша қажетті құралдармен қамтамасыз ету шаралары іске асырылуда.

2024 жылға міндетті гигиеналық құралдарға бюджеттен 228928,0 мың теңге қаралып, бүгінгі таңға  67 мүгедектігі бар адамдардың гигиеналық құралдарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы берілген тапсырыстарына сәйкес 7372,3 мың теңгесі төленді.  

Мүгедектігі бар адамдардың оңалту бағдарламасына сәйкес орындалғаны:

протездік-ортопедиялық көмек– 20 адамға;

тифлотехникалық құралдар– 47 адамға;

жүріп-тұру құралдары – 14 адамға.

Қызылорда қаласында орналасқан «Талсуат-мүгедектерді оңалту орталығына» ем алуға 4 мүгедектігі бар адам жолданды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен «Арал ауданы мүгедектер ұйымы қоғамдық бірлестігі» 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 21 балаларға күндіз болу бөлімшесі бойынша жартылай стационар жағдайында қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар, мүгедектерді тасымалдау (инватакси) қызметін ұйымдастыруға 2024 жылға бюджеттен 25000,0 мың теңге бөлінді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы «Арал мүгедектігі бар адамдарды қолдау» қоғамдық бірлестігімен 2 (екі) айға келісім шарт жасалып, олардан 3 автокөлікпен 34 мүгедектігі бар адамдарды тасымалдады.

Үйден әлеуметтік қызмет көрсету бойынша аудан бойынша 114 мүмкіндігі шектеулі балаларға 35 әлеуметтік қызметкер, 96 жалғызілікті қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға 19 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді.

Арал аудандық отбасын қолдау орталығының 2024 жылғы қаңтар айында атқарылған жұмыстары туралы МӘЛІМЕТ

Әлеуметтік порталдан оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша:

Әлеуметтік қызмет көрсету  порталынан мүгедектігі бар адамды аблитациялау мен оңалтулың жеке бағдарламасына сәйкес 181 қызмет алушыға тапсырыс беруге  жәрдемдесу жұмыстары атқарылды.

Тегін оқу  курстары бойынша:

Тігінші мамандығына - 5 адам;

Шаштараз мамандығына - 2 адам;

Маникюр мамандығына – 2 адам;

Массажист мамандығына – 2 адам;

Ұсақ моншақтар бойынша -1 адам;

Арт-терапия бойынша -1 адам;

Логопед қызметі бойынша:

Логопед маманынан – 3 бала қызмет алуда.

Психолог қызметі бойынша:

Психолог маманынан – 3 бала қызмет алуда.

Белсенді ұзақ өмір сүру терапиясы және спорт қызметі бойынша:

Теннис спорт түрінен – 4 адам;

Шахмат, дойбы спорт түрлерінен -  2 адам;

Тренажерлық жаттығу құралдарымен -3 адам шұғылдануда.

Белсенді ұзақ өмір сүру терапияасы бойынша - 1 адам;

Өткізілген іс шаралар бойынша:

Іс шаралар саны – 6

 

Орындаған:   Н. Байназарова

                       Р. Тапалов

                   

                     А. Байзахов

 

                    Ә. Өтегенов

           

Дата публикации
09 февраля 2024