"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-1, 6-тармақтарына сәйкес Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 31 наурызға №14 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына Арал аудандық мәслихаты депутатының сайлауын тағайындады.
Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 31 қаңтардан басталады.
Округ орталығы: Арал ауданы, Жетес би ауылдық округі, Ескіұра көшесі №9.
Округ шекаралары: Бекбауыл ауылдық округі Бекбауыл, №93 теміржол бекеті, Үкілісай, Құмбазар ауылдары, Жетес би ауылдық округі Райым, Ескіұра ауылдары, Аманөткел ауылдық округі Аманөткел, Ақшатау, Хан, Аққұлақ ауылдары, Райым ауылдық округі Шөмішкөл ауылы, Қызылжар елді мекені Б.Омаров көшесі 1-68 үйлер аралығы, Т.Ерғалиев көшесі 1-63 үйлер аралығы, Т.Нұралиев көшесі 1-33 үйлер аралығы, Қызылжар көшесі 1-38 үйлер аралығы.
Округ аумағына кіретін сайлау учаскелері: №10, №11, №12, №13, №14, №16, №19, №20, №21.
Арал ауданының аумақтық
сайлау комиссиясы