Шығып қалған депутыттың орнына №14 бірмандаттық сайлау округі бойынша Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының депутатын сайлауды тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

Шығып қалған депутыттың орнына №14 бірмандаттық сайлау округі бойынша Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының депутатын сайлауды тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14 бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес Қызылорда облысы Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Шығып қалған депутаттың орнына №14 бірмандаттық сайлау округі бойынша Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының депутатын сайлау 2024 жылғы 31 наурызға тағайындалсын.
  2. Қаулыға қоса беріліп отырған шығып қалған депутаттың орнына №14 бірмандаттық сайлау округі бойынша Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының депутатын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың  Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Толқын» газетінде орналастырылсын.

 

                                                                               Төраға                                                                          Н. Зағатов                                                                                  

                                Хатшы                                                                        Л. Сатекеева

 

 

2024 жылғы 31 қаңтар

№ 5/2

 

 

 

Дата публикации
31 января 2024