Арал ауданының аумақтық сайлау
комиссиясының 2023 жылғы
11 желтоқсандағы №АСК-266
қаулысына қосымша
2023 жылғы 10 желтоқсанда өткізілген Арал қаласы мен Қаратерең, Қамыстыбас ауылдық округтерінің
әкімдерін сайлау қорытындысы туралы
ХАБАР
2023 жылғы 10 желтоқсанда Арал ауданы бойынша Арал қаласы мен Қаратерең, Қамыстыбас ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өткізілді.
Арал қаласы мен Қаратерең, Қамыстыбас ауылдық округтері әкімдерінің сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері № 4, № 24, № 25, № 41, № 42, № 43, № 44, № 45, № 46, № 47, № 48, № 49, № 50, № 51, № 52, № 53, № 54, № 55, № 382 учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларының негізінде Арал ауданының аудандық сайлау комиссиясы Арал қаласы мен Қаратерең, Қамыстыбас ауылдық округтерінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.
Арал қаласы мен Қаратерең, Қамыстыбас ауылдық округтері әкімдеріне 9 кандидат дауысқа түсті.
Арал қаласы мен Қаратерең, Қамыстыбас ауылдық округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 25488 азамат енгізілген.
Дауыс беруге 21055 адам (82,60 пайыз) қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша сайлаушылар дауыс берген жоқ, дауыс беру үй-жайынан тыс жерде 248 сайлаушы, 15 бюллетень жарамсыз деп танылды.
Арал қаласы мен Қаратерең, Қамыстыбас ауылдық округтері әкімдерін сайлаудың мынадай қорытындылары анықталды:
Дарибаев Айбек Адиловичке – 1629, кандидат Еримбетов Жолмурат Онталаповичке – 4083, кандидат Узаков Батыржан Жансериковичке –13607 дауыс, барлығына қарсы – 10 дауыс берілді.
Узаков Батыржан Жансерикович – Арал ауданы, Арал қаласының сайланған әкімі болып есептелінді.
1984 жылы туған, ұлты қазақ, Жеке кәсіпкер «АЗС Батыр». Арал қаласында тұрады. «AMANAT» партиясы ұсынған.
Алишев Айбек Аралбайұлына – 103, кандидат Маханов Берикбол Кешубаевичке – 641, кандидат Сембеков Елдос Аралбаевичке – 54 дауыс, барлығына қарсы – 3 дауыс берілді.
Маханов Берикбол Кешубаевич – Арал ауданы, Қаратерең ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелінді.
1990 жылы туған, «Арал» СЖКБД филиалы «Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесінің су құбыры-кәріз желісін аралаушысы. Арал ауданында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
Балмырзаева Азат Тулебаевнаға – 701, кандидат Каратаев Жасулан Узаировичке – 113, кандидат Мырзабеков Сәндібек Мырзабекұлына – 62 дауыс, барлығына қарсы – 21 дауыс берілді.
Балмырзаева Азат Тулебаевна – Арал ауданы, Қамыстыбас ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелінді.
1984 жылы туған, «Жансая» бөбекжай-бақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. Арал ауданында тұрады. «AMANAT» партиясы ұсынған.
Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы