2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған Арал қаласы мен Қаратерең, Қамыстыбас ауылдық округтері әкімдерін сайлаудағы кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы

2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған Арал қаласы мен Қаратерең, Қамыстыбас ауылдық округтері әкімдерін сайлаудағы кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы

2023 жылғы 15 қараша күні, сағат 18:00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Арал қаласы мен Қаратерең, Қамыстыбас ауылдық округтері әкімдеріне барлығы 11 кандидат: олардың ішінде   2 кандидат саяси партиядан, 9 кандидат өзін - өзі ұсыну жолымен ұсынылды. Өзін өзі ұсынған 1 кандидат өз еркімен ұсынысын қайтып алды.

 Орташа бәсекелестік бір орынға 3 адам құрады.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды  тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2023 жылғы 20 қараша, сағат 18:00-де аяқталады.

Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ақпарат БАҚ жарияланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған Арал қаласы мен Қаратерең, Қамыстыбас ауылдық округтері әкімдерін сайлаудағы кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы
Дата публикации
16 ноября 2023