Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

хабарламасы

         Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 1 қарашадағы №АСК-255 қаулысымен Арал ауданының Арал қаласы мен Қаратерең, Қамыстыбас ауылдық округінің әкімдерін сайлау жөніндегі осы Арал қаласы мен Қаратерең, Қамыстыбас ауылдық округінің шекарасында Арал қаласы мен Қаратерең, Қамыстыбас сайлау округтері құрылды.

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және                                   113-1-бабының 3-тармағына сәйкес Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 1 қарашадағы №АСК-256 қаулысымен Арал ауданының Арал қаласы мен Қаратерең, Қамыстыбас ауылдық округінің әкімдерін сайлау 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалды.

         Арал ауданының Арал қаласы мен Қаратерең, Қамыстыбас ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.

Кандидаттарды ұсыну 2023 жылғы 02 қарашада  басталады және                      2023 жылғы 15 қарашада,  жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады.

Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және 2023 жылғы 20 қарашада, жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады.

Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан                    мекен-жайы: 120100, Арал ауданы, Арал қаласы, Қ. Ерімбетов көшесі №27 («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қызылорда облысы филиалы жер кадастр және жылжымайтын мүлік бойынша Арал аудандық бөлімі), № 1, 2 бөлмелер, телефон/факс: (872433) 2-23-13, е-mail: aral-saylau@mail.kz

        

Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы:

 

1

Зағатов Нұрбек Нұртайұлы

комиссия төрағасы

2

Жиеналиев Әділжан Ақәділұлы

төрағаның орынбасары

3

Сатекеева Лиза Қасымқызы

комиссия хатшысы

4

Ізмағамбетов Байнұр Жомартұлы

комиссия мүшесі

5

Әзбергенов Әнуар Мырзабекұлы

комиссия мүшесі

6

Әбиева Ақжарқын Еңсепбайқызы

комиссия мүшесі

7

Тәжімбетова Гүлхамар Жұпанқызы

комиссия мүшесі

 

Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
Дата публикации
10 ноября 2023