Арал ауданының аумақтық сайлау
комиссиясының2023 жылғы
17 қыркүйектегі №АСК-250
қаулысына қосымша
2023 жылғы 17 қыркүйекте өткізілген Атанши ауылдық округінің
әкімін сайлау қорытындысы туралы
ХАБАР
2023 жылғы 17 қыркүйекте Арал ауданы бойынша Атанши ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Атанши ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №3 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Арал ауданының аудандық сайлау комиссиясы Атанши ауылдық округінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.
Атанши ауылдық округі әкіміне 3 кандидат дауысқа түсті.
Атанши ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 246 азамат енгізілген.
Дауыс беруге 215 адам (87,40 пайыз) қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша сайлаушылар дауыс берген жоқ, дауыс беру үй-жайынан тыс жерде 12 сайлаушы, 1 бюллетень жарамсыз деп танылды.
Атанши ауылдық округі әкімін сайлаудың мынадай қорытындылары анықталды:
Избасаров Еркин Есентугеловичке – 183, кандидат Нақылов Ержан Нақылұлына – 16, кандидат Урынбасаров Нурбек Серекеевичке – 14 дауыс, барлығына қарсы – 1 дауыс берілді.
Избасаров Еркин Есентугелович – Арал ауданы, Атанши ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелінді.
1979 жылы туған, ұлты қазақ, «Ізбасаров Еркін» шаруа қожалығының төрағасы, Арал ауданында тұрады. Өзін - өзі ұсынған.
Арал аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес, 2023 жылғы 17 қыркүйектегі №4 шешімімен сайланған Атанши ауылдық округінің әкіміне Избасаров Еркин Есентугелович тіркелді.
©Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы