07.00-ге сайлау учаскелерін ашу туралы
2023 жылғы 17 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша 07.00-де Арал ауданы Атанши ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша № 3 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті.
Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы келесі ақпарат Арал ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де, 12.00-де, 14.00-де, 16.00-де, 18.00-де және сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат 20.00-де ұсынылатын болады.
Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы