Жетес би ауылдық округ әкімі сайлауының қорытындысы
2023 жылғы 3 қыркүйекте өткен Арал ауданының Жетес би ауылдық округі әкімінің сайлауы заң талаптарына сай ұйымдастырылып, қорытындыланды.
Құрылған сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 341 адам.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 301 адам.
Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 10 адам, жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 1.
Ауылдық округ әкімінің кандидаттығына 3 адам ұсынылды.
Дауыс беру қорытындысы:
Жетес би сайлау округінде дауыс беруге қатысқан 301 адамның кандидат Жолмырзаев Райымбай Жолдасович – 259, кандидат Мырзаханұлы Ғалымбек – 21, кандидат Тагибергенов Нурбек Галимбекович – 19 дауыс берілді. Барлығына қарсы белгісімен – 1 дауыс берілді.
Дауыс беру қорытындысымен Жетес би ауылдық округінің әкімі болып Жолмырзаев Райымбай Жолдасович сайланды.
1972 жылы туған, ұлты қазақ, «Қызылорда облысының білім басқармасының Арал ауданы бойынша білім бөлімінің «№281 негзгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, Жетес би ауылдық округінде тұрады. «AMANAT» партиясы ұсынған.
Жоғарыда көрсетілген әкімдер сайлауының нәтижелері туралы ақпарат Арал ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде жарияланды.
©Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы