2023 жылғы 3 қыркүйекке тағайындалған Жетес би ауылдық округі әкімінің сайлауында кандидатты қолдап қол жинауға арналған парақтары туралы

2023 жылғы 3 қыркүйекке

тағайындалған Жетес би ауылдық

округі әкімінің сайлауында

кандидатты қолдап қол жинауға

арналған парақтары туралы

 

       «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына  және 113-1-бабының 3-тармағының сәйкес және Арал аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 26 шілдедегі  №АСК-229  «Жетес би ауылдық округінің әкімінің сайлауын тағайындау» туралы қаулысы негізінде Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жетес би ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны осы ауылдық округ сайлаушыларының жалпы санынан кемінде 1 пайыз, кемінде 3 қол санында белгіленсін.
  2. Өзін-өзі ұсынған кандидаттар әзірленген қол қою парақтарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілсін.
  3. Осы қаулы Арал ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде жариялансын.

 

 Арал ауданының  аумақтық

 сайлау комиссиясының төрағасы                                  Н.Н. Зағатов

 

 Арал ауданының  аумақтық

 сайлау комиссиясының хатшысы                                  Л.К. Сатекеева

 

 

 

№АСК-238

11.08.2023 ж.

Дата публикации
11 августа 2023