Жетес би ауылдық округі
әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес және 113-1-бабының 3-тармағының негізінде Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жетес би ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 3 қыркүйекке тағайындалсын.
2. Жетес би ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы қаулы Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын және жергілікті бұқаралық ақпарат құралында жариялансын.
Арал ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Н. Зағатов
Арал ауданының аумақтық
сайлау комиссиясы
төрағасының орынбасары Ә. Жиеналиев
Арал қаласы,
АСК-229
26 шілде 2023 жыл