Жетес би ауылдық округі әкімінің сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы

Жетес би ауылдық округі

әкімінің сайлау жөнінде сайлау

округін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына сәйкес және 22-бабының негізінде Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жетес би ауылдық округінің шекарасында Жетес би ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде сайлау округі құрылсын.

2. Құрылған Жетес би ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі сайлау округі, оның шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіліп ақпаратты, Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын және жергілікті бұқаралық ақпарат құралында жариялансын.

 

 

Арал ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                         Н. Зағатов

 

Арал ауданының аумақтық

сайлау комиссиясы

төрағасының орынбасары                                                     Ә. Жиеналиев

 

 

 

 

Арал қаласы,

АСК-228

26 шілде 2023 жыл

Дата публикации
26 июля 2023