Сағат 12:00-ға азаматтардың келуі туралы ақпарат

2023 жылдың 04 маусымында Арал ауданы Жаңақұрылыс, Құланды ауылдық округтерінің  әкімдерін сайлау өтіп жатыр.

Жаңақұрылыс, Құланды  ауылдық округтерінің әкімдерін  сайлауды ұйымдастырып өткізуге 2 сайлау учаскесі, учаскелік сайлау комиссияларының 10 мүшесі және аудандық сайлау комиссияларының 6 мүшесі тартылған.

Дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 7:00 де басталды 20:00-ге дейін жалғасады.

Арал аудандық сайлау комиссиясы  ұсынған мәліметтерге сәйкес 2023 жылғы 04 маусымда жергілікті сағат 12:00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 67,2 % алды.

Оның ішінде:

  • Жаңақұрылыс  ауылдық округінде – 67,1 %.
  • Құланды  ауылдық округінде – 67,4 %.

Дауыс беру барлық учаскелерде сайлау туралы заңнама талаптарына сәйкес өтуде, құқық бұзушылықтар анықталған жоқ, арыз-шағымдар түскен жоқ.

Бүгінгі сайлауда 7 кандидат қатысып жатыр, олардың орта жасы - 49, ең жасы –26 жаста, ең үлкені – 53 жаста.

Дата публикации
04 июня 2023