2023 жылдың 04 маусымында Арал ауданы Жаңақұрылыс, Құланды ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау өтіп жатыр.
Жаңақұрылыс, Құланды ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды ұйымдастырып өткізуге 2 сайлау учаскесі, учаскелік сайлау комиссияларының 10 мүшесі және аудандық сайлау комиссияларының 6 мүшесі тартылған.
Дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 7:00 де басталды 20:00-ге дейін жалғасады.
Арал аудандық сайлау комиссиясы ұсынған мәліметтерге сәйкес 2023 жылғы 04 маусымда жергілікті сағат 10:00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 44,9 % алды.
Оның ішінде:
Дауыс беру барлық учаскелерде сайлау туралы заңнама талаптарына сәйкес өтуде, құқық бұзушылықтар анықталған жоқ, арыз-шағымдар түскен жоқ.
Бүгінгі сайлауда 7 кандидат қатысып жатыр, олардың орта жасы - 49, ең жасы – 26 жаста, ең үлкені – 53 жаста.