«2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Арал аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 329 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Арал аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 329 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Арал аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 329 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 176575 нөмірімен тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 17 003 011,7 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 2 651 324 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 231 565 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 23 333 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 14 096 789,7 мың теңге;
2) шығындар – 17 000 945,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру – 42 167 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 62 100 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 19 933 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 7 500 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 7 500 мың теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 47 600,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 47 819 мың теңге;
қарыздар түсімі – 62 100 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 19 933 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 5 652,8 мың теңге.».
Көрсетілген шешімнің 1, 4, 5, 7 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
28 апреля 2023