«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14, 111-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 3-тармағының және 4-1-тармағының 3-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 3002-ө бұйрығының негізінде «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігіне қосылуына жолымен қайта ұйымдастыруға байланысты«ADAL» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің қызметін тоқтатуды тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 3002-ө бұйрығының,Арал аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №АСК-196 қаулысы негізінде:
1. «ADAL» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімі бойынша сайланған Арал аудандық мәслихаты депутаттары Ембергенова Нурсауле Сайлауовнаның , Узаков Батыржан Жансериковичтің өкілеттігін жоғалту фактісі расталсын.
2.Арал аудандық мәслихатының депутаттары Ембергенова Нурсауле Сайлауовнаның , Узаков Батыржан Жансериковичтің куәлігі жарамсыз деп есептелсін.
3.Осы қаулы Арал аудандық мәслихатына жіберілсін.
4.Осы қаулы Арал аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
5.Осы қаулы оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Арал аудандық сайлау комиссиясы