Учаскелік референдум комиссияларының жекелеген мүшелерін комиссия құрамындағы міндеттерінен босату туралы

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы, 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағына сәйкес Арал  аудандық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына сәйкес Арал ауданы көлемінде құрылған № 29 учаскелік референдум комиссиясының мүшесі Қайсар Өтепбайұлы Сералиев, № 44 учаскелік референдум комиссиясының мүшелері Нұралы Қалиұлы Әбішов, Гүлімхан Алданазарқызы Қалқанбаева, № 49 учаскелік референдум комиссиясының мүшесі Нұрболат Халымұлы Ұлекешов, № 50 учаскелік референдум комиссиясының мүшесі Гүлхамар Жұпанқызы Тәжімбетова,   № 55  учаскелік референдум комиссиясының мүшесі Салима Дүйсенғалиқызы Оңдасынова өз өтініштері бойынша комиссия құрамындағы  міндеттерінен  босатылсын. 

2. Осы қаулы тиісті учаскелік референдум комиссияларына және Арал аудандық мәслихатына жіберілсін.

 

Аудандық референдум    

комиссиясының төрағасы                                                       Н. Зағатов

 

Аудандық референдум

комиссиясының хатшысы                                                       Ә. Әзбергенов

 

2022 жылғы,  5 мамырдағы

№АСК- 138

Дата публикации
05 мая 2022